Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024 16:16

Ардагер ардақталды

Жақында Қаражота ауылындағы спорт кешенінде Варшава келісім шарты бойынша Германияда, Моңғол Халық Респубикасында әскери қызмет атқарғандың қоғамдық бірлестігінің ардагері Сейсенбеков Сағат Сағымбекұлының зейнетке шығу құрметіне орай волейболдан республикалық ашық турнир өтті.

Сағат Сағымбекұлы Герма-нияның Вердер қаласында Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, Қаражота ауылында эксковатор-тракторшы болып осы күнге дейін еңбек етті. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, Қаражота ауылдық округінің әкімі  Нұрберген Қожамберді Сағат Сейсенбековке ізгі тілектерін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.  Одан кейін Алматы облыстық  ВКШ бойынша Германия, МХР Кеңес әскери тобының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бекзат Махатовтың құттықтауын жеткізіп, Сағат Сағымбекұлына әскери борышын абыроймен орындап, еліне елеулі еңбек етіп, жастарға тәрбиелік мәні зор қоғамдық жұмыстарда белсенділік таныт-қаны үшін «Германиядан Кеңес әскерлерін шығарғанына 30 жыл» мерекелік төсбелгісін табыстап, осы қоғамдық бір-лестіктің аудан бойынша төрағасы Ержан Ақылбеков  құттықтап сөз сөйледі.

Жарысқа облыстардан, аудандардан 13 команда қатысты. Тартысты да қызықты өткен бәсекеде І орынды «Қаражота» командасы жеңіп алды. ІІ орынды Бәйдібек би ауылының, ІІІ орынды Талдықорған облысының командалары иеленді.  Жеңімпаздарға қомақты ақшалай сыйлық бе-ріліп, арнайы кубок, мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 334 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет