Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024 16:20

Қаламгермен кездесу

«Сөз қадірі – өз қадірім» деп білетін халқымыз ақындарын қашан да құрметтегені тамыры терең тарихымыздан белгілі. Себебі қазақ табиғат сыйлаған тылсым сырды өрнекті өлең ету екінің біріне бұйырмайтын Алладан қонған құдіретті өнер екенін білген. Сол ғұрпымызға сай, жуырда В.Терешкова атындағы орта мектепте «Ақын елдің ардағы» тақырыбында ақын, жазушы, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі, ҚР құрметті журналисі, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Шаяхмет Құсайынұлымен кездесу өтті. Қаламгердің  шабытты шығармашылығы дәріптелді.

Шара аталған білім ордасының тәлімгері Рысбек Нұрбектің орындауындағы «Түрк-мен» күйімен басталды. Сахнадағы үлкен экраннан қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылық еңбектерін баяндайтын бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар мектеп кітапханашылары Ләззат Джакупова мен Ботакөз Сыбанбаева Шаяхмет Құсайынұылының кітап көрмесімен таныс-тырды.

Поэзия – адамзаттың мәңгі өлмес құді-ретті өнері. Махаббат, сүйіспеншілік, табиғат, отансүйгіштік, сынды жүрек түпкіріндегі сан мың сезімді жұмыр өлеңмен бейнелейтін жауһар дүние. Ал, мән-мағынасы мол өлең-жырларды жаттап, түйсігіне түйіп өскен ұрпақтың кемелді тұлға боларына күмән жоқ. Осы орайда ақынның туған жерге, елге, тілге арнаған патриоттық туындыла-рын мектеп оқушылары мәнерлеп оқыды. Ақынның сөзіне жазылған әндерге де кезек берілді. Өз кезегінде Шаяхмет Құсайын-ұлы қарапайым ауылда дүниеге келіп, кітапқұмар бала болып өскенін баяндады. Сондай-ақ, бүлдіршін күнінен ерте еңбекке араласқандықтан, бала болып асыр сап ойнап көрмегенін де тілге тиек етті. Балаларымыздың әдебиетке жастайынан жақын болып, телефонға телмірген уақыт-тарын, кітапқа жұмсауға шақырды.

30-дан астам кітап жазған ақынға оқушылар да қызықты сұрақтарын жолдады. Құрметті туындыгер жасөспірімдердің сауалдарына тұшымды жауаптарын берді, оқушылар да өміріне өнеге етер әңгімелерін тыңдай білді. Кеш соңында Есік қаласының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Серік Спатаев, мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бибігүл Қабылдайқызы сөз алып, ақынның әдебиет әлеміндегі орасан еңбектері үшін зор алғыстарын білдірді. Ақын сөзіне жазылған «Еңбекшіқазақ валь-сі» әнін оқушылар хормен орындап, кешті қорытындылады.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 427 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ардагер ардақталды Желтоқсаншылармен жүздесті »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет