Бейсенбі, 16 Қаңтар 2025 15:55

Ол күндердің өшпес даңқы

Әсіре сыншылар қанша 1941-1945 жылғы фашистік басқыншылармен соғысты біздің еліміз Қазақстанның соғысы емес деп, ол шайқастарда көрсеткен аталарымыздың жанқиярлық ерлігін елемеуге тырысса да, тарихымыздан әлемді шарпып өткен Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын алып тастау мүмкін емес. 

Еліміздің барлық отбасыларынан дерлік сол соғысқа аттанып, оралмаған боздақтар әлі де түгел анықталып болған жоқ. Соғыста ерлік көрсеткен ерлерімізді түгелдей атап болмағанымыз да анық. Ұлтымыздың ұлы мақтаныштары стратег қолбасшы дәрежесіне дейін жеткен Бауыржан Момышұлының ерлігі дер кезінде лайықты марапатталмағанмен елі-жұрты, қазақ халқы Ұлт батыры атады. 1945 жылғы жеңісті көктемде  Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен офицер Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Болатовтың ерліктері де ұлтшылдық-шовинистік саясаттың тасасында қалса да уақыт өте лайықты марапатпен бағаланды.

Еңбекшіқазақ, Шелек өңірлерінен шыққан он төрт Кеңес Одағының батыры бар деп есептейміз, Жеңіс күндері аттарын атап, ерліктері  жайында баяндаймыз.

Бүгіндері аты Есік қаласындағы мектепке және көшеге берілген Рақымжан Тоқатаевтың көмекшісі Федор Керданмен тек бір айқаста фашистердің он үш жыланбауыр от шашқан техникасын жайратқан ерлігі жайында сан мәрте жазсақ та, бүгінгі ұрпаққа  жеткізу үшін тағы қайталап жариялау артық етпес. Дей тұрсақ та батыр атамыз Рақымжан Тоқатаевтың Жеңістің жетпіс жылдығына арнап жазған мақаласымен бастауды жөн көрдік биылғы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңындағы  жарияланымдар тізбегін.

Өзі өмірден өтсе де соғыс тәсілдерін толық меңгеріп, қолына тапсырылған қаруды ұтымды пайдаланып, фашистердің бронды техникасын отқа ораған батырымыздың патриоттық, елсүйгіштік жауынгерлік жолы ұрпаққа үлгі болары ақиқат.

Өткенді ұмыту – өсер елдің ұстанар жолы емес. Сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен батырларымыз жайлы қанша жазсаң да артық болмас. Әттең, мүмкіндігіміз келе бермейді. Бүгін Кеңес Одағының батыры Рақымжан Тоқатаевтың өзі жазған мақаласын жариялап отырмыз. Қолтаңбасы сіңген осы бір естелігі өте құнды. Өйткені, олар – тарихтың куәгерлері, сол тарихты жасаушылар қатарында болды.

Редакция.

 

ЕРЛІГІМІЗ – ЖАС ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Мен соғыстан кейін ұзақ жыл тарих пәнінен сабақ жүргізіп, мектеп директорлығы қызметін атқардым. Бейбіт күнге аман-есен жетіп, Алланың шапағатына, мемлекеттің құрметіне, жалғасқан ұрпағым – немере-шөберелерімнің қуанышына бөлендім. Бұдан артық бақыт бар ма?! Сонау бір жылдардағы сұрапыл соғысты көрдік, қазақ елінің егемендігінің куәсі болдық.

Екінші дүниежүзілік соғыс адам баласын тарихта есепсіз шығынға ұшыратты. Ол миллиондардың тағдырына дақ түсіріп, жүректерге жазылмас жара салды. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан бұл соғыс адамзат тарихындағы жойқын ұрыс болды. Осыншама қасіретті басымыздан өткере отырып бірауыз-дылықтың арқасында Ұлы Жеңіске жеттік. Гитлерлік Германияда бұрынғы КСРО-ны құртып, оны мекендеген халықтарды нәсілдік қорлау мен кемсітушіліктің мемлекеттік жоспары жасалынған болатын. Неміс фашистері кеңес адамдарын құл етуді ойлады. Сондықтан кеңес жауынгерлеріне өз елінің әр қадамы үшін қасықтай қаны қалғанша соғысудан басқа жол қал-мады.

Келер ұрпаққа Ұлы Отан соғысын-дағы Кеңес Одағы халықтары жеңісінің негізгі факторларын айту парыз. Оны жас ұрпақ білуі керек. Адамзат баласына қасірет төнген жойқын алапатта ел азаматтары жаппай ерлік пен төзімділіктің үлгісін көрсетті. Адамның рухы мен қайсарлығы, Отанына адалдығы осы ұрыстағы жеңістің негізгі факторы – қайнар көзі болды. Соғыстың аты – соғыс. Кеңес Одағының қуатты, қатігез әрі әккі жаумен жүргізген соғысындағы шығыны адам айтқысыз болды. Басқыншылар 1710 қала мен кентті, 70 мыңнан астам селоны қиратып, өртеді. Қаншама техника қирады. Кеңес Одағына келген материалдық шығынның мөлшері есепсіз.

Ерліктің сан қыры бар. Дегенмен, ерлік – өмір мен өлім бетпе-бет келген сын сәттегі ерекше іс-әрекеттің жемісі. Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерлігі үшін 11 мың адамға Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, оның 500-і қазақстандықтар. Ал, Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айрықша болды. Нақты деректерге сүйенсек, 1,7 млн адам әскерге шақырылып, 700 мың адам еңбек армиясына жіберілді. 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық кавалерия дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы құрылып, жауға қарсы тұрды. Халықтың соғыс қажеттігіне жұмыл-дырылуы 24 пайызды құраған. Өз халқының тұрмыстық-әлеуметтік жағ-дайы төмен бола тұрса да республикамыз соғыс жылдары орталыққа 4829 мың тонна астық, 600 мың тонна ет жөнелткен. Қазақ малшылары Қызыл Армияға 10 атты әскер дивизиясын құруға жетерлік 110 мың жылқы жіберді. Еліміз соғыс өртіне шалдыққан аймақтардан эвакуацияланған жүздеген мың адамдарды, кейіннен саяси қуғын-сүргінге түсіп, депортацияға ұшыраған 1 млн-ға жуық әртүрлі этнос өкілдерін қабылдады. Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр тал-қысымен келгендерге қол ұшын берді.

Ұлы Жеңіс әкелген тұлғалар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қырғын соғыстан аман қайтқан азаматтардың қоғамдық өмірдің әр саласында адам-гершілік, отансүйгіштік қасиеттің, әділет пен тазалықтың қорғаушысы болған-дықтарын мақтанышпен айтқан жөн. Отан соғысынан қайтқан жеңімпаздар аса құштарлықпен, адалдықпен әрі іскерлікпен еңбек етті. Өздері еңбек еткен ұжымдағы бірліктің ұйытқысы болды.

Қазақстаннан шыққан 500 Кеңес Одағы Батырының 100-і қазақ болса, олардың сегізі Еңбекшіқазақ ауданынан. Сол сегіздің бірі менмін. Мен жайлы өмірдеректер, ерліктерім кітаптарда жазылып, БАҚ-тарда сан мәрте жарияланды. Атымды мақтан тұтқан ел-жұртым аудан орталығындағы бір мектеп пен көшеге есімімді берді. Туған ауылым Қаракемерде мүсінім қойылды. Мұндай құрмет, әспеттеулер соғыстан аман оралып, халқына адал қызмет еткен жерлестерім Төле Кенжебаев, Қашаған Жаманқараев, Ыбырайым Қалдыбаев сынды батырларымызға да жасалынды. Олардың есімі ел жадында.

Әрине, соғыста ерлікпен қаза болғандар атаусыз қалған емес. Отаны үшін мерт болған сол боздақтардың да есімімен мектептер, көше аттары аталады. Майдандас құрбы-замандастарым алапат қиыншылықта азаматтық арына дақ түсірмей, қазақ ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігін, жанкештілігі мен төзімділігін паш етті.

Рақымжан ТОҚАТАЕВ

Кеңес Одағының Батыры,

Алматы облысының құрметті азаматы. 

 

Оқылды 365 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 17, 2025

Казахстанский дзюдоист завоевал…

Ерасыл Кажыбаев победил в схватке за «бронзу» на турнире серии Grand Slam в Баку…
Ақп 17, 2025

Спортсмен из Костаная стал призером…

Глеб Ивченко выступал в Италии в составе мужской сборной Казахстана по шорт-треку…
Ақп 17, 2025

Казахстанская теннисистка завоевала…

Казахстанка Жания Бекмухамбетова достигла новых высот в настольном теннисе. Она…
Ақп 17, 2025

Пулевая стрельба: сборная Казахстана…

В столице Таиланда — Бангкоке — продолжается Кубок Азии по пулевой стрельбе. После недели…
Ақп 17, 2025

Шымкенттік студент армрестлингтен…

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында армрестлингтен өткен жарыста Шымкенттегі Жұмабек…
Ақп 17, 2025

Четыре месяца спустя с запуска…

По поручению Главы государства был построен самый протяженный мост в стране через…
Ақп 17, 2025

Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін…

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы…
Ақп 17, 2025

КАК УСТРАНЕНИЕ БАРЬЕРОВ СПОСОБСТВУЕТ…

Конкуренция — ключевой фактор экономического роста и повышения благосостояния граждан.…
Ақп 17, 2025

Международная выставка электроники и…

Компания World Silk Way приглашает вас принять участие в Международной выставке…

Күнтiзбе

« Ақпан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет