Бейсенбі, 16 Қаңтар 2025 14:47

Уақыттың өзгеруі – таңның атуы мен күннің батуына байланысты

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық «Ana tili» газетіне жарияланған «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» тақырыбындағы сұхбатында тілшінің уақыт белдеуі туралы сұрағына: «...Уақытты дұрыс пайдалану туралы Барселона декларациясында әртүрлі уақыт белдеуін енгізуге, оны қысқы және жазғы уақытқа ауыстыруға әуес болмау қажеттілігі айтылған. Дегенмен азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкімет шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет...» – деп жауап берген-ді.

Әлі де нақты шешімін таппаған  бұл мәселені тараптар ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері тиетін барлық мәселелерді ескеріп, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізілетінін жеткізген болатын Президент.

Қазақстан жер көлемінен әлем бойынша тоғызыншы орында. Табиғаты да сан алуан. Таулы, орманды, жазық далалы болып келеді.  Елімізде уақыт бір сағатқа артқа шегерілгелі бері күнгей аймақтағы халықтың тұрмысына біршама кері әсер еткені жасырын емес. Бұл уақыт шегеру еліміздің  орталық аймағына қолайлы болуы мүмкін. Ал Жетісу жерінде (қаңтар айындағы мерзіммен) таң сағат 6-да атады. Жаңа уақыт белдеуі бойынша сағат 7-і деп есептеледі. Жұмыс сағат 9-00 де бас-талса, бұрынғы уақытымен 10-да бастайды. Күн ұясына сағат 16-40 та батады. Шығыс Қазақстан облысында уақытты артқа ауыстыру тіпті қолайсыздық тудыруда.

Адам уақытты өзгерткенімен, Құдайдың уақыты өзгермейді ғой. Таңның атуы мен күннің батуы да жылдың төрт мезгіліне қарай өзгеріп отыратыны да рас. Әсіресе, қыс мезгілінде жаңа уақыт тым қолайсыздық тудыруда. Өйткені, күн қысқа да, түн ұзақ.  Уақытты кейінге шегеру шығыс облыстағы азаматтарды жалқаулыққа дағдыландыруға бастайды. Қолайсыздығы сол, кеш тұрады, бұрынғы дағдыланған уақытына орай кеш ұйқыға жатады. Бұл құбылыс адамдардың тірлігіне де, денсаулығына да кері әсер етеді.

Атам қазақ ұрпағын тәрбиелегенде: «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық», – деп ақыл айтып, еңбекке баулыған. Ауылдық жерлерде көктемнен қысқа дейін ерте тұрып, еңбек етеді. «Жаздың бір күні қысқа азық» деген мақал да осыны меңзеген ғой. Өйткені, тірі адам жатып алмай, ерте тұрып, тіршілік етеді.  Еліміздің шығыс аймағында сағатты артқа емес, керісінше алға жылжытқан ыңғайлы.  Әсіресе, қыс мезгілінде бұл өте тиімді. Өйткені, күні қысқа, түні ұзақ. Оқушылар да сабағына ерте барып, қараңғы түспей, үйлеріне ерте келеді.

Елімізде, керісінше батыс, солтүстік аймақтарда сағатты артқа қойған дұрыс. Олай дейтінім, шығыс жақта кеш батып жатқанда, батыста түс мезгі-лінен енді ауып бара жатады. Жердің Күнді айналуы – табиғи заңдылық. Шығыста ерте, батыста кеш таң атып, кеш батады. Соған орай әр аймақта  уақыт табиғаттың «бұйырған» күні мен түніне қарай сағат та соған сәйкес болуы керек. Мен Америка елінің бірнеше штатында болдым. Әр штатта сағат айырмашылығы әртүрлі. Оларда қай штатта таңның атуы мен батуына орайластырып, уақытты өздері белгілейді екен.

Уақыттың ең дәл көрсететін үлгісін ислам дінінен үйренгеніміз дұрыс. Мысалға, дініміздің бес уақыт намазын үмбетіне оқуды қасиетті Құранда  таңның атуымен басталып, тал түс, бесін, күннің батуы және ұйықтар алдындағы уақыттармен белгілеген. Ал намаз уақыты әр аймақта әртүрлі мерзімде кіруі – осы таңның атуы мен күннің батуына оңтайластырылып белгіленген.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 624 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…
Қаң 28, 2026

Цифрлық дәуірдегі құқық қорғау

Дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік және жеке басының қол сұғылмаушылығы…
Қаң 28, 2026

Неке және отбасы институты

Конституцияда отбасы мен некенің құндылықтарын нығайту әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз…
Қаң 28, 2026

Сөз бостандығы және шығармашылық…

Сөз бостандығын және шығармашылық құқықтарды қорғау, сондай-ақ интеллектуалдық меншік…
Қаң 28, 2026

Адам құқықтары мен әлеуметтік…

Жеке тұлғаның өмірі, ар-намысы және әлеуметтік құқықтарының Конституция деңгейінде…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет