Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025 11:33

Бауыржан мен Қымбат – жоба жеңімпазы

Аудан әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» жобасы мәресіне жетті.  Ауданымызды бірнеше апта бойы әсем әнге бөлеген  байқаудың гала концерті өтіп, әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлде Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің әншісі Бауыржан Қаңтарбай мен аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Қымбат Әділқызына бұйырды.

Ауқымды шараның қорытынды кезеңі-не аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов қатысты. Жобадағы жұптар сайыстың үшінші кезеңіне де үлкен ынтамен дайындалғанын аңғару қиын болмады. Ел арасындағы хит әндерді нақышына келтіріп, барын салып шырқай білді.

Кеш соңында әділқазылар алқасының мү-шесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі Жанас Бекентұров жобаның мән-маңызына тоқталып, кәсіби әншілермен бірігіп өнер көрсет-кен жандарға, көрермендерге, аудандық әкімдік пен мәдениет бөліміне алғысын жеткізді. Халық-аралық конкурстардың лауреаты, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің акаде-миялық ән салу пән циклді комиссиясының мең-герушісі Гүлнар Сақышова да байқауға қатысты пікірін айтты.

– «Екі жұлдыз» байқауы өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына тәнті болдық, ризамыз. Бізді мұнда кәсіби баға беру үшін шақырды. Мемлекеттік қызметкерлер бұл жоба арқылы ән айтудың оңай еместігін, әншілік кәсіптің қиыншылығын көзбен көрді деп ойлаймын. Сахнада әнді қатесіз орындау, ырғақтан ауытқымау, өзін ұстау, сахналық би қойылымдар сынды өнерлеріңізді жан-жақты сарапқа салып шешім шығардық. Кез-келген байқаудың нәтижесімен келіспеушіліктер болатыны заңдылық. Бірақ, біз барымызды салып, әділ шешім шығардық, – деді. Сондай-ақ Бекет Төлегенұлы мен Ертай Сұлтанәліұлы да мемлекеттік қызметкерлермен мәдени байланыстың ауқымын кеңейткен шара-ға ризашылықтарын білдіріп, шараның өтуіне қолдау білдіріп, үлес қосқан бірқатар мекеме басшыларына Алғыс хаттар табыс етті.

Жоба қорытындысы бойынша, І орынды Қырбалтабай ауылдық мәдениет үйінің қызмет-кері Ернар Мұқан мен «Алматы Энерго Сбыт» басшысы Гүлзада Желдикбаева иеленді. Бәй-дібек би ауылдық мәдениет үйінің директоры Рахат Әлқожа мен аудан әкімінің аппарат басшысы Мақат Темірғалиұлы ІІ орынды еншіледі. Эстрада жұлдызы, аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұртас Қайратұлы мен аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Зарина Бақытжан-қызы ІІІ орынды қанжығалады. Басқа да жұптарға түрлі номинациялар табысталып, жеңімпаздар мен қатысушылар ақшалай марапатқа ие болды.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 494 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет