Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025 11:38

Үздік бастауыш партия ұйымы анықталды

Жуырда Қаракемер мәдениет үйінде «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты – партиялық құрылымдардың жұмыс тиімділігін арттыру, бастауыш партия ұйымдарының рөлін және белсенділігін күшейту, сондай-ақ олардың партия қызметіне қатысу деңгейін көтеру.

Байқау «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен өтті. Байқауға аудан көлеміндегі барлық бастауыш партия ұйымдары қатысып, өздерінің жобалары мен бастамаларын ұсынды. Байқаудың әділ әрі талапқа сай өтуі үшін аудандық партия филиалында арнайы комиссия құрылды. Комиссия мүшелері барлық қатысушыларға байқау ережелері мен талаптарын толықтай түсіндіріп, кеңес берді.

Шара бірнеше санат бойынша өтіп, нәти-жесінде, ІІ санат бойынша Рахат бастауыш партия ұйымы, ІІІ санат бойынша Шелек бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанып, облыстық деңгейде өтетін байқауға жолдама алды. Байқау барысында ұйымдар өздерінің әлеуметтік жобаларын ұсынып, ауыл тұрғындарының мәсе-лелерін шешуге бағытталған нақты шараларды көрсетті.

Бастауыш партия ұйымдарының қоғамдағы маңызы мен рөлі ерекше аталды. Ұйымдар өз жұмыстарын көрсетіп, партиялық бағдарлама-ларды жүзеге асырудағы жетістіктерін таныс-тырды.

Облыстық байқауға өткен Рахат және Шелек БПҰ-лары қазіргі уақытта өз жобаларын жетілдіру жұмыстарын бастап, келесі кезеңге дайындық жүргізуде. Байқауды ұйымдасты-руға атсалысқан барлық бастауыш партия ұйымдарына, партия белсенділеріне ұйымдас-тырушылар алғыс білдірді. Мұндай шаралар партия мүшелерінің ынтасын арттырып, ұйымдардың жұмыс тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Байқау партияның жалпы құрылымдық дамуына серпін беріп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырудағы бас-ты қадамдардың бірі болып табылады.

Айнұр ДУНЕНБАЕВА,

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты.

 

Оқылды 877 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет