Бейсенбі, 30 Қаңтар 2025 12:41

Мобильді аударымдар: Кімдер айыппұл арқалайды?

 Ғалымдар күн сайын адам өмірін жеңілдетуге арналған түрлі жаңа техниканың көмегімен, сан алуан өзгерістер енгізуде. Соның бірі – банк қосымшалары. Біз күнделікті өмірде банк қызметіне жүгінеміз. Жол ақысын, азық-түлік пен коммуналдық қызметті төлеуге, әртүрлі ойын алаңдары мен қарапайым пәтер ақысын төлеуге де мобильді аударымдарды қолданамыз. Мобильді аударымдардың қолайлылығы да сол, әп сәтте смартфоныңызды екі рет басу арқылы төлей аласыз. Тек жаныңызда смартфоныңыз,ал шотыңызда ақшаңыз болса жеткілікті. Десек те сол мобильді аударымдардың келеңсіз тұстары да бар. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Кейбір кәсіпкерлер қызмет ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдап, салықтан жалтарып келген. Салдарынан мемлекет қазынасы қомақты түсімнен қағылып жатыр. Сондықтан биылдан бастап елімізде мобильді аударымдар тексеріледі. Бұл жаңалық қоғамда дүрбелең туғызып, қарапайым халық арасында түсініспеушілік орнады. Мобильді аударымдар бойынша кімдер тексеріледі? Айыппұлды кімдер арқалайды? Осы сауалдарға жауап іздеп, тақырыпты кеңінен тарқатайық.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап, әлеуметтік кодекстің қабылдануына байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен сол бойынша өндіріп алуларды есептеу мен төлеудің жаңа қағидаларының жобасын әзірледі. 2024 жылдан бастап жеке кәсіпкерлер мен компания басшылары, олардың жұбайлары да салық меке-месінің бақылауына алынады. Бұл жоба өз кезегінде жасырын кірістер мен салық төлеуден қашқақтап жүрген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған. Себебі, соңғы жылдары мобильді аударымдарды өз пайдасына шектен тыс мөлшерде қолданатын кәсіпкерлер саны артты.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке кірістерді әкімшілендіру департаментінің басшысы Дина Құсайынова 2025 жылдың 9 қаңтарында департаментте өткен баспасөз мәслихатында мобильді аударымдардың қайсысы тексеріске ұшырайтынын нақтылады. Департамент басшысының сөзіне сенсек, жеке тұлға кәсіпкерлік қызметке арналмаған есепшотқа әр үш ай сайын 100 немесе одан да көп адамдардан  аударымдар жүргізілсе, онда ол салық мекемелерінің бақылауына тікелей енетінін айтты. Яғни банктер Мемлекеттік кірістер комитетіне ақпарат береді.

Бұл жаңалықты әркім әрқалай түсінді. Біреуі кез келген адамның есеп-шотындағы мобильді аударымдардың барлығы бақылауда болады десе, енді бірі тек жеке кәсіпкерлердің есепшоттары тексеріске ұшырайды деп түсінді. Күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен жүрген қара халық  үшін бұл ақпарат түсініспеушілік тудырды. Бүгінде мобильді аударымдар туралы қауесет пен жалған ақпарат желдей есуде. Департамент басшысы Дина Құсайынованың айтуынша, егер отбасы мүшелері, туыстар бір-біріне мобильді қосымша арқылы ақша аударса, онда бұл аударымдар салық мекемесінің бақылауына алынбайды. Ал егер жеке тұлға кәсіпкерлік меншіктегі азаматтар мен азаматшаларда (өз ісімен айналысатын бизнес иелері) мобильді аударымдар саны үш айда 100-ден асса, бұл жағдайды Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауға алады. Қарапайым сөзбен айтқанда, тұтынушы дүкенде өзіне қажет заттарды алып, төлем жасайды. Сатушы төлемді QR код  немесе банк карточкасын қолдану арқылы төлем қабылдауы керек. Бірақ  Салық комитетінің бақы-лауы бойынша, кәсіпкерлердің басым көпшілігітөлемді мобильді аударым арқылы қабылдайтыны белгілі болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2023 жылы қызметтер үшін жасалған  қаржылық аударым  көлемі 55,3 трлн теңгені, аударымдар көлемі 80трлн теңгені құраған. Бұл өз кезегінде, кәсіп иелерінің салықтың соммасын азайту үшін ойлап тапқан айласының бірі екені де анықталды. Соның әсерінен елімізде Ұлттық банктегі ақша айналымдары құлдырады. Кәсіпкерлердің бұл әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде жауапкершілікке тартылатынын да  ұмытпау керек.

Бір айда 100 немесе  одан көп тұлғадан мобильді аударымдар жасалса, демек ол адам жасырын бизнеспен айналысады деген сөз. Егер бизнес-пен айналысып, табыс табатын адам кәсіпкер ретінде тіркелмесе, оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Заң бұзушы бір жыл ішінде қайта ұсталып қалса, айыппұл мөлшері 30 АЕК-ке дейін өседі.

Айта кету керек, егер салық төлеу-ші құқық бұзушылықтармен келіссе, ол жеке кәсіпкерді тіркеуі немесе декла-рацияға кіріс сомаларын көрсете отырып қосымша декларация тапсыруы керек. Аталған бақылау шаралары қызметті тіркеусіз жүзеге асыратын немесе кірістерді жасыратын кәсіпкерлерге ғана әсер етеді.Салық комитетінің бақылауы адал салық төлеушілерге әсер етпейтінін де ескерген жөн. Демек, салық комитетінің бақылауы кәсіпкерлердің үш айлық аударымдары 100 түрлі адамнан келіп түскен болса ғана, бекітілген көлемде айыппұл төленеді. Бұл жоба қарапайым халықтың күнделікті аударымдарын бақылауға алмайды. Мәселені талқылай келе, санада сан түрлі сұрақ топ ете қалатыны рас. Соның біреуі мынадай: «Не себепті кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарады? Бұл қандай жолмен болсын  ақшаны қалтасында алып қалуға тырысатын қанағатсыз кәсіпкерлердің кезекті айласы ма? Әлде бизнесінде әлемдік жағдайларға байланысты теңге бағамының құлдырауы айналымдағы тауардан түсетін пайдаға тікелей әсер еткендіктен бе?». Әр жағдайда таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпау керек. Мүм-кін кәсіпкерлер үшін салық  мөлшерін азайтқан тиімдірек шығар. Сонда ғана салықты уақытылы төлеуден қашпайтын болар.Осы орайда мобильді аударымдар үшін белгіленген салық мөлшері қаншалықты тиімді екені жайлы жеке кәсіпкерлердің пікірін тыңдаған едік.

– Мен бұл заңмен мүлде келіспеймін. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенмін, түскен қаражат бойынша есеп тапсырып, салық төлеймін. Бірақ шыны керек, енді мен мобильді аударымдар үшін де салық төлейтін болсам, дүкенімді жабуға тура келеді. Себебі, кәсіпкер болған соң түрлі жеке қаржылық аударымдар жасаймыз, бірақ бұдан біз табыс таппаймыз ғой. Салықтан бөлек мен тауар тасымалына, жалға берілетін орынға қомақты қаржы төлеймін. Және ай сайын табатын табысымнан отбасымның керек-жарағына, күнделікті жол ақысына, азық-түлікке ақша қалды-руым керек. Егер мобильді аударымдар үшін де салық төлейтін болсам, мен ары қарай қандай ақшаға өмір сүремін? Менің ойымша, бұндай заң күшіне енбес бұрын, алдымен салық органдарын халықпен тығыз байланыс-та болып, түсіндіру жұмысын жасау керек еді. Халықтың ойымен санасып, мәселені жан-жақты сараптан өткізсе екі тараптың ортасында түсініспеушілік орнамас еді. Халықтың пікірін елемей, заң қабылданған соң осындай дүрбелең болары анық, – дейді  жеке кәсіпкер Қазира Бекмухамбетова.

Ал кейбір кәсіпкерлер Кірістер басқармасының бұл бастамасын қол-дайтынын айтып, тек түсіндіру жұмыстары ақсап тұрғанын жеткізді.

– Мен  ай сайын белгіленген салықты төлеймін. Бірақ неге Кірістер комитеті халыққа үгіт-насихат жұмыстарын дұрыс жүргізбейді. Соның салдарынан жұртшылық арасында түсініспеушілік туындайды, кикілжің орнайды. Ақпарат-тандыру жұмыстары дұрыс жүргізілсе, бұндай шу көтерілмес еді, –  дейді мейрамхана иесі Айжан Нұркерім.

Байқағанымыздай, бұл бастамада халық пікірі екіге жарылады. Басым көпшілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен толық ке-ліспейді. Олардың айтуынша, бұл қай-тадан инфляцияға әкеп соғады, тауар бағасы, қызмет ақысы қымбаттайды. Нәтижесінде қарапайым халықтың тұрмысы нашарлайды. Ал құзырлы органдардың пікірі бұған кереғар, бас-тама көлеңкелі бизнеспен күресуге септігін тигізеді. Қалай десек те, нәтижесін тек уақыт көрсетері анық. Ал біз заңға құрметпен қарап, заңға қайшы әрекеттерге бармауымыз керек. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, елімізде бекітілген заңға бағынуға міндеттіміз. Себебі, заң – бәрімізге ортақ.

Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 53 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Үздік бастауыш партия ұйымы анықталды

Соңғы жаңалықтар

Қаң 30, 2025

Үздік бастауыш партия ұйымы анықталды

Жуырда Қаракемер мәдениет үйінде «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылды.…
Қаң 30, 2025

Бауыржан мен Қымбат – жоба жеңімпазы

Аудан әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» жобасы мәресіне жетті. Ауданымызды…
Қаң 30, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет…
Қаң 30, 2025

Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы…

Алматы облысындағы аграрлы өңірдің қатарында Ұйғыр ауданы да бар. Бау-бақша өнімдерін…
Қаң 29, 2025

Скарлатина қандай ауру, оның алдын …

Скарлатина –бұл ағзаның жалпы уыттану белгілерімен (бас ауруы, дене қызуның көтерілуі,…
Қаң 29, 2025

«Халықтың…

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді…
Қаң 29, 2025

Үсік шалу – белгілері, алғашқы көмек

Күн қатты суытып, қоршаған ортада төменгі температура қалыптасқан жағдайында көптеген…
Қаң 29, 2025

Ұмытылған инфекциялар: вакциналардың…

Вакцинация - бұл адамдарда кездесетін жұқпалы аурулармен күресте ең ұтымды, үнемді, және…
Қаң 29, 2025

Үкіметтік емес ұйымдар…

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынуға…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет