Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 11:13

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы туралы

Мемлекеттік қызметке мемлекет атынан және оның мүддесі үшін мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарға сәйкес басқарудың әртүрлі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын азаматтардың еңбек қызметі кіреді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші құзыретті, жауапты, коммуникабельді болуы, жұмыс үдерімін ұйымдастыра білуі, салауатты сөйлей білуі және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен этикасын сақтауы тиіс.

Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

          Сондықтан, күнделікті өмірде біз қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға тырысамыз.

          Мемлекеттік аппараттың өкілдері бола отырып, біз мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қараймыз, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етеміз.

          Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде:  «мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс».

Айта кету керек, ҚР Президентінің 02.11.2023 ж. №396 Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне қосымша талап енгізілді «қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну».

Әр мемлекеттік мекеменің әдеп жөніндегі уәкілдерімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізеді (баптар бойынша 434, 439, 440, 443, 444, 449, 450 "әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің", қоғамдық имандылығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар) және нормаларды бұзу фактілері анықталған жағдайда қызметтік әдебі профилактикалық жұмыс жүргізу немесе олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жұмыстары атқарылады.

Мемлекеттік қызметші қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерінен жоғары қоюға, адалдық, тәуелсіздік, сыпайылық және адамгершілік принциптерін сақтауға міндетті.

 

                            Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ  басшысының орынбасары

Д.Бақберген

Оқылды 476 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет