Бейсенбі, 13 Ақпан 2025 11:06

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

       Қоғам үшін үлкен қауіптің бірі – сыбайлас жемқорлық. Ол ел экономикасының  өркендеп өсуі мен көркеюіне кері әсерін тигізіп, дамуына тежеу болып қана қоймай, халық мәдениетінің төмендеуіне, адами қасиетінің, ар-ұятының жойылуына себепші болады.   Халықты материалдық қана емес,  рухани тоқырауға түсіреді.  Яғни коррупция – қоғамдағы ең үлкен кері тартпа күші, сондықтанда онымен күрес тоқтамауы қажет.

        Сыбайлас жемқолық бұл – жең ұшынан жалғасқан жымысқы жүйе.

        Ол жылдар бойы жүйеленіп, әрі әрдайым түрленіп отырады.

   Соңғы уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде тиімді жобалар жүйеге асырылып жатыр. Бүгінгі күні заңнамалық тұрғыдан жемқорлықтың салдарымен емес, ондай қылмыстың пайда болу себептерін анықтап,  оның алдын алу мен болдырмауға бағытталған шаралар қолға алынып отыр.  Осы мақсатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған заң қабылданды. Оған сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге, депутаттық корпусқа және судьяларға шетелдік банктерге есепшот ашуға тыйым салынды. Сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды мерзімен бұрын босатуға да тыйым салынды. Мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген квазимемлекеттік саладағы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мүлкі туралы жыл сайынғы, міндетті декларация тапсырудың міндеттелуі.

       Бүгінде мемлекеттік органдарда, бюджеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуын үнемі қадағаланып, ішкі және сыртқы мониторинг жұмыстары жүргізіліп отырады. Ол әр саладағы жемқорлық тәуекелдерді анықтап, ол тәуекелдерді жоюға бағытталған шараларды қабылдауға мүмкіндіктер береді.  

       Мемлекеттік органдар тарапынан жемқорлық тәуекелдерді анықтау және жою, мемлекеттік қызметкерлер мен қызмет алушы тұрғындар арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары үнемі жүргізілуде.

       Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ашық бюджеттердің интеративті картасы жасалды.  Ол кез келген әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және қызмет көрсету үшін қанша бюджет бөлінгенін көруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, соңғы жылдары цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру қарқын алуда. Мемлекеттік қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы тікелей байланыстың болуы сыбайлас жемқорлық жасау тәуекелдерін де арттыра түседі. Өйткені параны беретін бар, алатын бар.

    Яғни сыбайлас жемқорлық – тек бір жақтан ғана болатын  қылмыс деп қарамау керек, онда екі тарап бар екенін екеру керек. Осы тәуекелдерді болдырмау үшін бүгін өзінің жұмысын жақсы жағынан көрсетіп отырған  «бір терезе» қағидаты да тиімді жоба саналады. Мұның барлығы да коррупцияның алдын алуда үлкен күш екені сөзсіз.

        Қоғамның қай бағытқа өзгеріп, қандай елде өмір сүретініміз әрқайсымызға тікелей байланысты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әр азамат белсенділік танытуы қажет. Әр тұлға өзгерісті өзінен бастап, жемқорлыққа әрекетке бармауы қажет!  Ондай жайтқа куә болсаңыз, бей-жәй қарамай, 1424 тегін cаll – орталығына қоңырау шалыңыз.

Қоғам дертіне айналған жемқорлықпен бірлесе күресіп - Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ құра аламыз.

     

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ  басшысы

М.Азербаев 

Оқылды 438 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет