Сейсенбі, 11 Ақпан 2025 17:21

«Gate City» қалашығында 900 орынға арналған мектептің ірге тасы қалануда

Өткен жылдың қаңтар айында құрылған жаңа қалада құрылыс жұмыстары қарқынды. Іле ауданының құрамында болған , бүгінде асқаралы Алатаудың атын иемденген бұл шаһарда 50 мыңнан астам халық тұрады. 12 ықшам ауданы бар өңірдің инфрақұрылымын жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында 13 «өсу нүктесі» анықталып, олардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен инженерлік-коммуникациялық желілердің техникалық құжаттамалары әзірленуде. Бұл туралы алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы баспасөз мәслихатында айтты.

«Халық қаласа, хан түйесін сояды» демекші, бұқараның жергілікті биліктен сұрағаны заманауи жабдықталған аурухана, яғни, сапалы медициналық қызметке қол жеткізу екен. Халық үніне құлақ асуды ұйғарған әкімдік бірнеше ықшам ауданда медициналық мекеменің құрылысын бастауға ниетті. Атап айтар болсақ, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Еңбек және Жаңаарна ықшам аудандарында 2 фельдшерлік акушерлік пунктің құрылыс жұмыстары жүргізілуде және ағымдағы жылы қолданысқа беру көзделіп отыр.
«Жетіген және Қоянқұс ықшам ауданында 250 орындық емхананың, сондай-ақ Жаңадәуір ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Жобалау жұмыстарының оң сараптамалық қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарлы түрде, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады», - деді Алатау қаласының әкімі Әркен Хамитұлы.

Бұдан бөлек, шаһар аумағында «жайлы мектеп жобасы» жанданған. Қала басшысының сөзіне сенсек, 2024 жылы ұлттық жоба аясында Еңбек ықшам ауданында жобалық қуаттылығы 600 орынға арналған мектеп қолданысқа берілді. Сонымен қатар, осы жоба шеңберінде «Gate City» қалашығында 900 орынға арналған мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде және ағымдағы жылы қолданысқа беру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Жетіген ықшам ауданында 280 орындық мәдениет үйі мен 100 келушіге арналған спорт кешенінің құрылысын салу үшін 1 гектар жер телімі бөлініп, бүгінде жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.
Қала әкімі Әркен Хамитұлы былтыр 46 млрд.теңге инвестиция тартылғанын алға тартуда. Ал, биыл бұл көрсеткіш 100,7 млрд.теңгеге жетуі тиіс.

«Қазіргі таңда, қалаға инвестиция тарту мақсатында «Алатау арнайы экономикалық аймағы» басқарушы компаниясымен және Алматы облысының Өңірлік даму орталығымен белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде.Ағымдағы жылы 10 ірі инвестициялық жобаның құроылысы басталад»,-деп қорытындылады қала әкімі Әркен Хамитұлы.

Оқылды 460 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Цифровые привычки XXI века Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет