Бүгін аудандық партия филиалының ғимаратында облыстық мәслихат депутаты Бокебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы аудан азаматтарының арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген аудан тұрғындары Қойшыбек ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу және азаматтық алу мәселесі бойынша бірқатар сұрақтарын көтерді.
Халық қалаулысы аталған өтініштерді толығымен тыңдап, назарға алды. Көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпалдасатынын жеткізді. @qogamdyq_qabyldau_almobl