Сейсенбі, 18 Ақпан 2025 11:22

Аудандық филиал үздіктер қатарында

Еліміздің тұрақтылығына, бәсекеге қабілетті болуына ықпал етіп, дамуына серпін беруде саяси институттардың рөлі ерекше. Билік пен қарапайым халық арасында алтын көпір орнатып, қордаланған мәселелерді шешуде жетекші рөл атқарып жүрген «AMANAT» партиясының қызметін ерекше атауға әбден болады. Осындай нәтижелі жұмыс пен тынымды еңбектің арқасында партияның аудандық филиалы облыста үздіктердің көшін бастады. Тақырыпты тарқатайық...

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы облыста үздік деп танылды. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 9 филиал арасында жүргізілген арнайы рейтинг нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы ішкі партиялық жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін І орынды иеленді. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Үз-дік бастауыш партия ұйымы» байқауының облыстық кезеңінде ІІ санат бойынша «Рахат» бастауыш партия ұйымы да І орынның тұғырынан көрінді.

Сондай-ақ, күні кеше ғана партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерін қолдау және ынталандыру, қызметкерлерінің кәсіби дамуын жетілдіру, қабылдау бөлмелерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру мақса-тында ұйымдастырылған «Үздік қоғамдық қабылдау» бөл-месінің аймақтық кезеңінде «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қабылдау бөлмесі ІІ орынды қанжы-ғалап, облыстық партия фи-лиалының төрағасы Қуат Байғоджаевтың дипломымен марапатталды. 

Қонаев қаласында өткен салтанатты шарада Алматы облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов жеңімпаздарды құттық-тап, арнайы сый-сияпаттарын табыстады. Аудандық партия филиалының төрағасы Бағдат Рахимовқа алғыс білдіріп, ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.

– Бұл – филиал ұжымының ғана емес, аудандағы партия мүшелерінің жеңісі. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда, азаматтардың құқығын қор-ғауда және тұрғындардың мәселесін шешуде бастауыш партия ұйымдарының еңбегі орасан зор. Еңбектің еленіп жатқаны – үлкен мәртебе. Ел дамуы жолындағы жұмы-сымыз жүйелі жалғасады, – дейді Бағдат Болатұлы.

Өз тілшіміз.

 

Оқылды 372 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет