Бейсенбі, 06 Наурыз 2025 13:12

Сағызша созылған мектептер құрылысы қатаң бақылауда

Білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу «AMANAT» партиясының күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, сағызша созылған мектептердің құрылысын жандандыруға партия күш салып, қатаң бақылауға алған. Жуырда Алматы облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Ерлан Жакупов, облыстық мәслихат жанындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракцияның жетекшісі Лаззат Тұрлашев, облыстық партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Рүстем Өтембаев ауданымызға арнайы келіп, Төле би, Алмалы ауылдарындағы жаңа мектептердің және Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Ең алдымен партия мүшелері құрылысы 4 жылға созылған Төле би ауылындағы мектепке ат басын бұрды. 450 орындық орта мектептің құрылысы 2021 жылы басталып, 2022 жылы аяқталуы тиіс болған. Бастапқы жоба құны 2 млрд 124 млн теңге. Құрылыс материалдары-ның қымбаттауына байланысты 2023 жылы қайта есептеуден өтіп, нысанның құны 3 млрд 465 млн теңгені құраған. 2024 жылы құрылыс жүргізуге қаражат бөлініп, мердігер мекеме жұмыстарды жүргізбеуіне байланысты қаражат қайтарылды. Биыл нысанды аяқтауға 1 млрд 145 млн теңге бөлініп, ғимарат жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Мердігер мекеме – «ECEnergyQazaqstan» ЖШС.                                       

Мердігер мекеме өкілдері наурыз айының ортасынан бастап құрылысты жалғасты-ратынын және кестеге сәйкес жүргізіп, уақытылы тапсыратынын жеткізді. Сапар барысында Лаззат Тұрлашев мердігер мекеме өкіліне және аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмахановқа бірқатар тапсырмалар берді.

– Бүгінде құрылыстың не-гізгі бөлігі аяқталған. Ғимарат-қа  жарық жүргізілген, ауызсу мен кәріз жүйесіне қосылған. Тапсырыс беруші мекемемен келісім жасап, тез арада құрылысты жандандыру қажет. Сонымен қатар, білім ордасын көгілдір отынға қосу мәселесімен жергілікті атқару-шы органдар қазірден бастап айналысуы қажет және абат-тандыруға баса назар аударып, мектеп айналасын жасыл желекке айналдыру керек, – деді Л.Тұрлашев.

Партия өкілдерінің сапары Алмалы ауылында жалғасты. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша ауылда 3 млрд 637 млн теңгеге 600 орындық заман талабына сай жасақталған мектеп бой көтеруде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, жаңа оқу жылында пайдалануға бері-леді.

Тағы бір жағымды жаңалық – биыл Абылай хан атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. 2023 жылы жөндеу жұмыстары басталған нысанның құрылысы осы күнге дейін созылып келеді. Нысанға арнайы келген «AMANAT» пар-тиясының өкілдері аудандық мәслихаттың депутаттары мен әкімдік талапты күшейту қажет екенін айтты.

– Мердігер мекемеден құ-рылыс кестесін алып, бақы-лауды күшейтіңіздер. Кестеден кешіксе, бірден сотқа арыз жазып, мәселені майшаммен қарау қажет. Жосықсыз мерді-гердің кесірі балалардың білім алу процесіне кері әсер етпеуі керек, – деген Лаззат Тұрлашев мердігер мекемеге құрылысты уақытылы аяқтауды тапсырды.

– Мектебіміз күрделі жөн-деуге жабылғалы осында жүрмін. Әр келген сайын ғи-мараттың айналасында 5-6 құрылысшыны ғана көремін. Осылай жалғасар болса жөн-деу жұмыстары биыл да аяқ-талмайды, – деген мектеп директоры Лайла Тункаева Есік қаласынан сайланған аудандық мәслихат депутаты Шолпан Қасымбаевамен құрылыстың сапасын қатаң бақылауда ұс-тайтынын жеткізді.

Айта кетейік, былтыр қазан айында Алматы облысы әкі-мінің бірінші орынбасары Н.Әбдірахымның төрағалы-ғымен техникалық кеңес өт-кізілген. Кеңес отырысында берілген тапсырмаларға сәй-кес, құрылыс-монтаждау жұ-мыстарының жаңартылған кестесін сараптамадан өткі-зіп, қайта ұсынуға тапсырма берілген. Жұмыс жобасына, жобалық-сметалық құжаттама-ларға түзету жұмыстарын «Арх Көксу» ЖШС жүргізген. Қазіргі уақытта сараптаманың қоры-тындысы шықты, құрылыс жұ-мыстары қайта жандануда.

Мектептер құрылысындағы қордаланған мәселелермен танысқан партия мүшелері ау-дандық мәслихаттағы «AMA-NAT» партиясының депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысын өткізді. Күн тәртібіне сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Ха-лықпен бірге!» атты Алматы облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасындағы Еңбекшіқазақ ауданында 2023-2024 жылдары орындалмаған тармақтарын іске асыру туралы баяндамасын жасады.

Ертай Сұлтанәліұлының айтуынша, Жол картасы бойынша 2023 жылы 34 көрсеткіш жос-парланып 32-сі орындалған. 2-еуі орындалу барысында. Ал былтыр 32 көрсеткіш жоспарланып, оның 25-і орындалған. 7-еуі орындалу барысында.

– 2023 жылы жастар қата-рындағы 44 азамат 2,5 пайызбен 211 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алса, 2024 жылы 45 азаматқа 225 млн теңге несие беру жоспарла-нып, қаржының болмауына байланысты «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қо-ғамы тарапынан азаматтардан өтінім қабылданбады.

Ауданда 2024 жылы 2 жаңа туристік нысан құрылысы жос-парланып, Түрген ауылында жеке кәсіпкерлік «Гард» 400 орынға лагерь және 60 орындық қонақ үй құрылысын аяқтады, 5 жаңа жұмыс орны ашылды, жоба құны 153 млн теңге. Екінші нысан – Түрген шатқалынан 850 орынға арналған туристік кешен құрылысы. «Демесинова» жеке кәсіпкерлігі 2024 жылы 850 адамға арналған тамақтану орнын аяқтаса, Биыл 30 адамға арналған қонақ үй кешені құрылысын жүргізу жоспарлауда, құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың сәуір айында бастау көзделген, аяқталу мерзімі қараша айы. Жалпы жоба құны 100 млн теңге, – деді Е.Нұрмаханов. Сонымен қатар, білім беру саласында жүзеге асып жатқан жобаларға да тоқталды. Сөзіне сүйенсек, «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 2023 жылдың желтоқсан айында 4 мектептің құрылысы басталған, биыл маусым айында аяқтау жоспарлануда. 2025 жылға нысандарды аяқтауға 13 млрд 215 млн теңге бөлінген. Атап айтсақ, Сатай ауылындағы 900 орындық,  Ащысай, Алмалы ауылдарындағы 600 орындық, Қаражота ауылындағы 300 орындық мектептер.

Сондай-ақ, 2024 жылы А.Бубенцов атындағы, Т.Рысқұ-лов атындағы және Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеу жүргізуге 2 млрд 274 млн теңге бөлініп, жұмыстар басталған.

Аудан әкімінің орынбасары мәдениет үйлерінің құрылысын жүргізу үшін мәслихат депутаттары тарапынан көмек қажет екенін айтты.

– 2024 жылы Бәйтерек, Қайыпов ауылдарында мәден-иет үйлерін салу жоспарлан-ған болатын. Қазіргі таңда Бәй-терек, Қайыпов ауылдарында жаңа мәдениет үйінің құры-лысына жер телімдері бөлінген, жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. 2024 жылдың 21 қарашасында Алматы облысы құрылыс басқармасына аталған нысандардың құрылысын жүргізуге қаржы бөлу бойынша хат жолданған, алайда қолдау таппады. Құрметті депутаттар, осы мәселеде қолдау көрсетулеріңізді сұраймын, – деді Е.Нұрмаханов.

Жиын барысында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша құрылысы жүріп жатқан мектептерге бекітілген аудандық мәслихат депутаттары құрылыс алаңындағы мәселелер бойынша баяндама жасады.

Облыстық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Амангелді Сембаев Жаңа Қазақстанды құру үшін әрбір азамат адал жұмыс істеп, мемлекет мүддесі үшін қызмет ету қажет екенін жеткізді.

С.НҰРАДИН.

Оқылды 338 рет

Соңғы жаңалықтар

Нау 13, 2025

Қазақстан Республикасы Мәдениет және…

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ…
Нау 13, 2025

Әкімшілік рәсімдік –процессуалдық…

Әкімшілік рәсімді козғау үшін негіздер болып мыналар табылады: Жолданым; Әкімшілік…
Нау 13, 2025

Өндірістік жарақаттанудың алдын-алу

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу — еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды…
Нау 13, 2025

Кәсіптік аурулардың алдын алу

Кәсіптік аурулар дегеніміз – зиянды еңбек жағдайларынан туындаған ағзаның әр түрлі…
Нау 13, 2025

Кондитерлік өнімдердің сапасына…

Кондитерлік өнімдер – дегеніміз шикізаттың негізгі түрлерін, тағамдық компоненттерді…
Нау 13, 2025

Мектеп асханаларына қойылатын…

Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз.…
Нау 13, 2025

Казахстан вошёл в число стран с…

В тройку "лидеров" входят Буркина-Фасо, Пакистан и Сирия Институт экономики и…
Нау 13, 2025

Олжас Бектенов экономиканы дамыту…

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық министрліктерді басқарумен блоктау мен…
Нау 06, 2025

Зимние Кубки на пороге весны

На лыжно-биатлонном комплексе «Алатау» в г.Талгаре 21-25 февраля состоялись первенства на…

Күнтiзбе

« Наурыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет