Бейсенбі, 06 Наурыз 2025 12:09

Жақсылықты ұмытпау – адамдықтың белгісі

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде жер-жерде Алғыс айту күні аталатыны белгілі. Кеңестік империяның қысымынан езгі көрген әртүрлі этнос өкілдері қазақ даласын паналаған еді. Сол кездегі дархан пейіл халқымыздың өз елінде өзге ұлт өкілдерінің тамыр жаюына зор ықпалын тигізгенін естен шығармаған абзал. Яғни, бұл күн – Қазақстанды мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына алғыс білдіретін күні. Аталған мерекеге сай Райымбек батыр атындағы орта мектебінде аудандық іс-шара өтті. Аталған мерекелік шараға аудан әкімі Талғат Байеділов, ауылдық округ әкімдері және Ассамблея мүшелері қатысты.

Кеш басында сахна төріндегі көгілдір экраннан өз атамекенінен еріксіз қоныс аударылған түрлі этностардың қазақ даласына қалай келгені жөнінде бейнебаян ұсынылды. Зұлмат жылдардағы азапты күндер бейнеленіп, өзге ұлт өкілдерінің тәуелсіз Қазақстан төріндегі бақытты күндерімен түйінделген видео көп жанарды мөлдіретті. Алғашқы құттықтау сөзінде аудан әкімі Талғат Байеділов мерекенің мән-мағынасына кеңінен тоқталды.

– Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, риза-шылығын білдіреді. Сондай-ақ, татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемел-ұлы Тоқаев өз сөзінде «біздің бірлігіміз Тәуелсіздігіміздің кепілі» деп атап өткен болатын. Қандай қиын кез болса да ел тағдыры үшін ұйыса білетін ұлтымыздың ынтымағы – баға жетпес байлығымыз. Берекелі бірлігіміз бен тыныштығымыздың тұрақтылығы жолында қызмет ету баршамыздың қасиетті борышымыз деп білемін. Құрметті жерлестер аудан жағдайы жақсара түсіп, даму жылдамдығы жеделдесе – ол еңбектің ішінде сіздердің де үлестеріңіз мол екені сөзсіз. Бақытты болашақ сіз бен біздің жұдырықтай жұмылып, атқарар жеңісті шараларымызды қажет етері анық. Қазақстандағы жүзден астам этностың әрқайсысының қайталанбас өрнегін салу нәтижесінде біз біртұтас ұлтқа айналып отырмыз. Соның ішінде 54 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатқан біздің Еңбекшіқазақ ауданы болашаққа нық сенімді қадам басып келеді. Өздеріңізге белгілі биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бірлік, татулық және ынтымақ – еліміздің мызғымас тұғыры, мемлекетіміздің басты құндылығы. Қазақстан халқы ассамблеясы да міне осы идеологияны сеніммен жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқаны бәрімізге мәлім, – дей келе биылғы Ассамблеяның мерейтойына орай этностар достығын дәріптейтін түрлі шараларды өткізу жоспарда бар екенін жеткізді.

Салатанатты мереке төрінде ау-дандық этно-мәдени бірлестіктердің төрағаларын аудан әкімі Алғыс хатпен марапаттады.

Өзге ұлт өкілдерінің алғыс білдіру кезеңінде сөз алған «Барбанг» күрд этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Надо Надыров, шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Зоя Кайсаровна, славян этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Ирина Николаевна киелі қазақ жерінен көрген теңдессіз игіліктерін тілге тиек етіп, жат жұртты өзегінен теппей бауырына басқан халқымыздың дархан пейіліне сансыз алғыстарын білдірді.

Шуақты мереке аудан өнерпаздары әзірлеген көңілді концертік бағдарла-мамен жалғасын тапты. «Червона Рута», «Улыбка», «Картал» ән-би ан-самблдері әсем әндері мен билерін көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ аудандық мәдениет қызметкерлері елдікті жыр қылған әндерін шырқады.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 525 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет