Жұма, 28 Наурыз 2025 08:44

Ұлттық жоба: Табиғи монополия субъектілері коммуналдық желілерді жаңартады

Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске қосқан еді. Аталмыш бағдарламаның инвестиция көлемі - 13 588 млрд.теңге. Алматы облысына 442,1 млрд.теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. 

Ұлттық жобаның негізгі мақсаты - апаттылық пен тозу деңгейін төмендету, коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыру, энергетикалық және коммуналдық секторлардың қолданыстағы активтерін жаңарту. 

«Тозығы жеткен коммуналдық желілер ұлттық жоба негізінде қайта жөндеуден өтеді. Алайда, ол табиғи монополия субъектілері арқылы ғана жүзеге асырылатын болады», - дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Утегенова. 

Демек, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен электр беру желілері бойынша қызмет көрсететін компаниялар ұлттық жобаның іске асуына тікелей үлес қосады. 

Мәселен, облыс аумағында жарық беретін «Алатау Жарық» АҚ компаниясы 1 527 шақырым электр желісін жаңартуды көздеп отыр. Бұл жоспар жоба аясында орын алады. Бұдан бөлек, 262 шақырым су құбыры желілері де жаңармақ, оған жалпы сомасы 37 264,0 млн.теңге қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, 18 млн. теңгенің үсітндегі қаржыға 132 шақырым кәріз желілері жасалынады деп күтілуде. 

«Алматы облысында 30-дан астам табиғи монополия субъектілері бар. Алайда олардың көпшілігінде тиісті сараптамалық қорытындыларымен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама жоқ, бұл Ұлттық жобаға жедел қатысуға мүмкіндікті бермей тұр»,-дейді Алматы облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы Ержан Әділет. 

Жалпы, Ұлттық жоба шеңберінде 20 км жылу желілерін реконструкциялау көзделген. Қазіргі таңда ұлттық жобаға енгізу үшін Қонаев қаласында жылыту желілерін қайта құру бойынша жалпы ұзындығы 5 км құрайтын 3 жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Құжат дайын болғаннан кейін бюджеттік өтінімдер техникалық операторға және қаржылық мекемелерге тапсырылады. 

Жауаптылардың айтуынша, табиғи монополия субъектілері жоба шеңберінде желілерді жаңартады, ол үшін қосымша қаржыландырылады. Алған қаражатты уақытында қайтару мақсатында коммуналдық қызметтердің тариф бағасы кезең кезеңімен өсетін болады.

Оқылды 426 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет