Сейсенбі, 01 Сәуір 2025 16:13

Алматы облысында ауыл шаруашылығы техникасы паркі 6,5%-ға жаңартылады

Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері көктемгі егіс жұмыстарына белсенді түрде кірісті. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 12,9 мың гектарға ұлғайтылып 436,8 мың гектарға жеткізу жоспарда бар. Бұл туралы баспасөз-мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Олжас Молдатаев айтты.

Өнім мол болсын десек, шаруаларға қолдау көрсету керек-ақ. Өңірде тұқыммен айналысатын 29 субъекті бар. Оның 20-ы өсірсе, 9-ы оны өткізумен айналысады. Биылдыққа 63 мың тонна тұқым қажет, ол толығымен дайын тұр. Сонымен қатар, 60,8 мың тонна минералды тыңайтқыш қажет , оның 35,4 мың тоннасы қорда бар.

Көктемгі егістік және агротехникалық жұмыстарды жүргізуге дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді. Биыл дизельдің 1 литр бағасы 250 теңге болып бекітілді. Бұл баға соңғы үш жылда тұрақты түрдеөзгеріссіз қалып отыр.

«Gosagro порталы арқылы 283 шаруа қожалығынан жалпы көлемі 5 154 тоннаға өтінім берілді»- деді Олжас Молдатаев.
Айта кетейік, жыл басынан «ҚазАгроҚаржы» ұйымы ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беру бойынша өтінімдерді қабылданып жатыр.
Олжас Ерболатұлының айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартып, 520 бірлік жаңа техника сатып алу жоспарланған. Меже орындалса, техникалар 6,5 пайызға жаңарады.
Шаруалардың егіс науқанын атқаруы үшін «Агробизнес», «Кең Дала» бағдарламалары бойынша қаржыландыру қарастырылған, бұл фермерлерге қажетті ресурстарды уақтылы сатып алуға мүмкіндік береді.
«Көктемгі дала жұмыстарына «Кеңдала» несиелік бағдарламасымен ағымдағы жылы Алматы облысына 15,7 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күні 2,3 млрд. теңгеге 56 өтінім келіп түсті»,-деді спикер.

Оқылды 392 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет