Сәрсенбі, 02 Сәуір 2025 16:32

Алматы облысында былтыр 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді

Уылдырық шашу мерзімі басталғандықтан, су маржандарын аулауға тыйым салынады.Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы мәлімдеді.

Климаттық өзгерістерге байланысты су айдындарындағы балық аулау мерзімі әр түрлі. Атап айтар болсақ:

1) Шарын өзенінің сағасынан Іле өзенінің жоғарғы ағысы — 25 наурыздан 5 шілдеге дейін;
2) Қапшағай СЭС бөгетiнен Іле өзенінің төменгі ағысы — 5 сәуірден 5 маусымға дейін;
3) Іле өзенінің барлық атырауы — 15 сәуірден 1 маусымға дейін;
4) Балқаш көліне құятын сағалар мен өзендер -15 сәуірден 1 маусымға дейін.

Алдағы уақытта, Қапшағай су қоймасы мен оған құятын өзендерде — 5 сәуірден 20 мамырға дейін балық аулауға рұқсат етілмейді. Ал, 15 сәуір мен 1 маусым аралығында Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне балықшыларға баруға болмайды. Дәл осындай шектеулер 25 сәуір мен 10 маусымға дейін Балқаш көлінің шығыс бөлігінде, Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасы аумағында сақталуы мүмкін. Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде 10 сәуір -1 маусым аралығында балық аулауға тиым салынбақ.

- «Уылдырық шашу науқаны кезінде кез келген балық аулау құралдары мен катерлер, моторлы қайықтар сынды жүзу құралдарымен су айдындарына шығуға болмайды»,-дейді Ринат Кумашев.

Уылдырық шашу мерзімінде заң бұзған тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабының 1 тармақшасына сәйкес, 10 – 40 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл арқалап, балық аулаға қажетті құралдары тәркiленеді. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 3-бөлігінде көзделгендей, 20-60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, немесе 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектетеледі.


Еске саламыз, өткен жылы табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 124 фактісі анықталды. Нәтижесінде уылдырық шашу кезінде заңсыз айналымнан 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді. 116 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқылды 391 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет