Бейсенбі, 03 Сәуір 2025 15:34

Алматы облысында 23 мыңнан астам ауыл баласы тегін үйірмеге барады

Ұрпақтың ұлы істермен айналысуы жеткіншек шақтағы қағидалардан басталады. Білім алған баланың бос уақытын тиімді пайдалануы аса маңызды. Елімізде сол үшінде қосымша білім беру ұйымдары құрылған. Мақсат- баланың шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін шыңдау, қоғам өміріне бейімдеу, азаматтық сананы, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Алматы облысында 31 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы бар. Онда 30 мыңнан астам оқушы қосымша үйірмелерге қатысады. Бұның ішінде ауыл балаларының саны басым. 23 772 ауыл баласы тегін үйірмеде қарым-қабілетін шыңдауда.

Облыста оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында қосымша білім беру мекемелерінде 1047 үйірме бар. Онда ,музыкалық аспапты меңгеруге ниетті балалар үшін қыл қобыз, прима қобыз, сырнай, саз сырнай, жетіген, шертер, баян, аккордеон, гитара, скрипка, фортепиано, үрлемелі және ұрмалы аспаптар, флейта, саксафон үйрететін сыныптардың есігі айқара ашық.
Әуелетін ән салғанды жаны қалайтындарға дәстүрлі ән, вокал, эстрадалық вокал, хордан сабақ алуға болады.
Қолөнерге бейім балаларға бейнелеу, ағаш ою, дизайн, тігін, мүсін үйірмесі, сәндік қолданбалы өнерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік бар.
Робототехникаға құмартқан қағілездер су, әуе көлігі мен зымыран құрастыруды үйрене алады.
Болашағын киелі сахнамен байланыстыратындарға театр өнері, актерлық шеберліктен дәріс оқылады. Сондай-ақ, спорттық балдық би, ұлттық би, әлем халықтар биі, заманауи би, шығыс биін үйрететін үйірме бар.

Жалпы білім беру мектептерінде дебаттық қозғалыспен, өзін-өзі басқару ұйымдарында 31010 оқушы ілім алса, облыстағы 4054 спорт секциясында 157 741 бала физикалық дайындығын жақсартуда.

Сонымен қатар, спорт мектептерінде 23959 оқушы қамтылған. «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының 422 әскери-патриоттық клубтары мен патриоттық сыныптарында даярлыққа баратын бала саны – 17428 .

Облыстық білім басқармасы ұсынған дерекке көз жүгіртсек, 2022 жылы балалардың қосымша білім алу деңгейі 75,5 пайыз болса, 2023 жыл бұл көрсеткіш 85 пайызға жеткен. Ал, биыл мектеп қабырғасындағы оқушылардың 89,3 %-ы үйірмеге барады. Жыл соңына дейін балаларды қосымша біліммен қамту деңгейін 90 пайызға жеткізу көзделген.

 

Оқылды 474 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Колледж түлектері жұмыссыз қалмайды Закон »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет