Бейсенбі, 03 Сәуір 2025 11:25

Колледж түлектері жұмыссыз қалмайды

Облыс әкімінің орынбасары Р.Исатаевтың бекіткен кестесіне сәйкес, аудандық Мансап орталығы мен Шелек политехникалық колледжі бірлесіп ашық есік күнін өткізді. Аталған шара биылғы жыл  «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануына байланысты жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, жастарды осы салаға тарту және еңбек  нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлау мақсатында  ұйымдастырылды.

Ауқымды шараға Мансап орталығының маманы Л.Қуанышбекова, Шелек ауылдық ардагерлер кеңесі-нің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ә.Айтақынов, колледж дирек-торы Қ.Дүйсебаев, аудандық және жергілікті әкімдік қызметкерлері, жұмыс беруші серіктестер, жастар ресурс-тық орталығының әдіскер-нұс-қаушылары, сонымен қатар колледж студенттері қатысты.

Жиналыс барысында колледж директоры  Қ.Дүйсебаев колледж студенттері отандық ірі компанияларда жұмысқа тұратынын жеткізді.

– «Жұмысшы мамандықтар жылының» ашылу салтанатына қатыстым. Бұл сапарда біз үлкен компаниялармен,  атап айтсақ, «KEGOC» компаниясы, құрылыс мамандарын дайындайтын «Benk» компаниясы, «Hyundai» орталығымен  қазіргі кезде сұранысқа ие болып отырған электр, газбен дәнекерлеуші, тракторист, машинист, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану мамандықтары бойынша меморандумға қол қойылды. Колледж студенттері 3 курста осы компанияларда өндірістік тәжірибеден өтетін болды. Біздің мақсатымыз – колледж түлектерін  болашақта өзінің мамандығы бойынша жұмысқа орналасуын қамта-масыз ету. Одан бөлек, біздің Еңбекшіқазақ ауданында ор-наласқан «Жетісу Вольфрамы» компаниясымен 2 жыл бұрын келісімшарт жасадық. Жақында студенттерімізді аталған компанияға апарып, өздерінің болашақтағы жұмыс орындарын көрсетіп келдік. Енді өндірістік тәжірибеге әр мамандық бойынша 25 студент апару жоспарлануда, – деді.

Жайна ЕПТІБЕКҚЫЗЫ.

Оқылды 340 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет