Жұма, 18 Сәуір 2025 10:55

Табиғатқа инвестиция: Есік көлін жаңарту жобасы іске қосылады

Алматы облысы аумағындағы «Есік көлін» жаңарту мақсатында, 2024 жылдың 20 желтоқсанында мемлекеттік тендер өткізіліп нәтижесі бойынша 49 жыл мерзімге «Хабель» ЖШС компаниясына сенімгерлік басқаруға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында белгілі болды.
Жеке инвестиция көлемі 23,6 миллиард теңгені құрап, 150 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланып отыр. 5 жыл ішінде бөгетті нығайту, техникалық сараптама жүргізу, жобалау-сметалық құжаттама дайындау және қалпына келтіру шаралары жасалынатын болады – дейді Алматы облысы қаржы басқарма басшысының орынбасары Анар Ақшолақова.
Сонымен қатар, жоба нысанның инженерлік сенімділігін арттырумен қатар, туристік ағынды ұлғайтуға ықпал ететін жаңа мүмкіндіктер береді. Яғни, телекоммуникациялық мұнаралар орнату, қоғамдық тамақтану пункттерін ашу және модульдік тұрғын үйлер салу жоспарланған.
Жоба аймақ үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды «Есік көлі» аумағында табиғатпен үйлескен заманауи экотуристік орта қалыптастыру – негізгі мақсаттың бірі. Бұл ретте, экологиялық туризм, мәдени-танымдық іс-шаралар, заманауи инфрақұрылым, бір-бірімен үйлестіріледі", — деді Әділжан Хабиев.
Оның айтуынша, 1998 жылдан бері «Есік көлі» тазартылмаған. Экологиялық тазарту және селден қорғау инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарына шамамен 11,4 млрд теңге бағытталады.
Есік көліндегі бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары – гидротехникалық құрылыстың қауіпсіздігін арттырумен қатар, өңірдің туристік әлеуетін дамыту жолындағы маңызды қадам.
Аталған жоба нысанның инженерлік сенімділігін күшейтіп қана қоймай, аймаққа туристерді тартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Жаңартылған инфрақұрылым Есік көлінің тартымдылығын арттырып, өңірдің экономикалық дамуына оң ықпал етпек.

Оқылды 405 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет