Жұма, 18 Сәуір 2025 10:57

Интернет алаяқтықпен күрес күшейтілді

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет алаяқтық түрлері де қарқын алуда. Осы қауіптің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық банк бірлесіп «Anti-Fraud» платформасын іске қосты. Жүйе Алматы облысында да сәтті жүзеге асуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
«Anti-Fraud» жүйесі арқылы тек Алматы облысында соңғы үш айда 40 миллион теңгеден астам қаражат бұғатталған. Облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқарма бастығының орынбасары, полиция майоры Қуаныш Сайлауханның айтуынша, бұл өз кезегінде тұрғындардың алаяқтың құрбанына айналудың алдын алуға ықпал еткен.
— Егер азамат алаяқтардың арбауына түсіп, дер кезінде құқық қорғау органдарына жүгінсе және тиісті мәліметтерді ұсынса, жүйе арқылы есепшоттарға дереу бұғат қойылады. Бұл қаражаттың ұрлануына жол бермей, оны иесіне қайтаруға мүмкіндік береді, — дейді Қуаныш Сайлаухан ресми мәлімдемесінде.
Бүгінде аймақта интернет алаяқтықтың үш түрі кеңінен таралған яғни, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады, интернет-дүкендердің атын жамылып алаяқтық жасайды, жалған инвестициялық жобаларға қатыстыру арқылы азаматтарды қаржысынан айырады.
- Қазіргі уақытта интернет алаяқтарының айласы күн сайын өзгеруде, ең маңыздысы — сақтық пен сауаттылық. «Anti-Fraud» секілді жүйелер қауіптің алдын алуға арналған құрал болса, оны тиімді пайдалану әр азаматтың жауапкершілігі. Алаяқтарға алданбау үшін қарапайым ережелерді ескеріп, күмәнді жағдай туындағанда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Себебі әрбір минут маңызды, -деді Алматы облыстық ПД Тергеу басқармасы бөлімінің бастығы - Жарқын Есжанов.
Еске саламыз, жыл басынан 110 киберқылмыс тіркеліп, оның 101-і сотқа жіберілді. Сәйкесінше, қылмысты ашу деңгейі 53 пайызға жеткен.

Оқылды 489 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…
Ақп 06, 2026

Пять сборных команд подразделений…

Пять сборных командподразделений специального назначения государственных органов…
Ақп 06, 2026

5 құрама команда Дубайда өтетін…

Қазақстан мемлекеттік органдары арнайы жасақтарының бес құрама командасы 7-11 ақпанда…
Ақп 06, 2026

ЖИ – мұғалім тәжірибесін жетілдіру…

Жасанды интеллект бүгінде өмірдің барлық саласында қолданылып, қоғам дамуының ажырамас…
Ақп 06, 2026

Сайлау мәдениеті – қоғам…

Демократиялық мемлекет үшін сайлау – тек саяси рәсім емес, қоғамның жетілу деңгейін…
Ақп 06, 2026

Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың…

Жалпы алғанда, жаңа Конституциядағы реформалар Қазақстанда құқықтық мемлекетті…
Ақп 06, 2026

Ұзақ мерзімді тұрақтылықты…

Конституциялық реформалар елдің саяси және құқықтық тұрақтылығын сақтауға бағытталған…
Ақп 06, 2026

Азаматтық қоғам институттарының…

Жаңа Конституция азаматтық қоғам институттарының дамуына құқықтық негіз қалыптастырады.…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет