Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025 12:05

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың ыстық асы енді цифрлық бақылауда

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе сынақтан өтуде. Бұл жүйе 5–11 сыныптарда әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына берілетін тегін ыстық тамақтың әділ әрі ашық түрде таратылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – ата-аналардан ешқандай қағаз құжат жинаудың қажеті жоқ. Қолдау алу құқығы мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде анықталады.

«Әлеуметтік әмиян» цифрлық шешімі мемлекеттік қолдауды алдын ала өзі анықтап, автоматты түрде көрсетіп қана қоймай, оқушының тиесілі тамақты алғанына нақты көз жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік әмиян» жүйесінің жұмыс істеу тәртібі.

«Әлеуметтік әмиян» – мемлекеттік қолдауға құқығы бар отбасылардың балаларына тегін ыстық тамақ беру үдерісін автоматтандыруға және ашық бақылауға арналған цифрлық шешім. Жүйе ата-аналарға ешқандай қағаз құжат өткізбей, баласының тегін тамақтануға құқығы бар екендігі туралы хабарлама жібереді.

Ата-ана келісімін берген жағдайда, отбасыға автоматты түрде цифрлық тамақтану ваучері құрылады. Бұл ваучерді ата-ана eGov mobile қосымшасы арқылы іске қосады. Оқушы мектеп асханасында арнайы сәйкестендіру әдістері – QR-код, карта немесе Face ID арқылы ыстық тамақ алады. Осыдан кейін ата-ананың телефонына баласының мектепте тамақтанғаны жөнінде хабарлама жіберіледі.

Жүйеде кері байланыс функциясы да қарастырылған – ата-ана берілген тағамның сапасына баға бере алады. Ал айдың соңында көрсетілген нақты қызметтер негізінде автоматты түрде орындалған жұмыстар актісі жасалып, жеткізушіге тек нақты қызметтер үшін төлем жүргізіледі.

Қазіргі таңда «Әлеуметтік әмиян» жүйесі пилоттық режимде 20 мектепте сыннан өтуде: оның 10-ы Астана қаласында, қалған 10-ы Қостанай облысында орналасқан. Пилоттық жоба технологияны нақты жағдайда тексеруге, ата-аналар, мұғалімдер мен жеткізушілерден кері байланыс алуға, сондай-ақ болашақта жүйені кең көлемде енгізуге дайындық жүргізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық кезеңнің нәтижелеріне қарай, жүйені 1–4 сынып оқушыларына да кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр. Бұл шешім білім беру саласындағы барлық жас топтары үшін тамақтану үдерісін бірізді етіп, мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен әділеттілігін күшейтеді.

Күтілетін нәтижелер:

Мемлекеттік көмектің нақты қажет адамдарға жетуі

Қызмет көрсету барысының ашықтығы

Ата-аналар үшін ыңғайлы бақылау мүмкіндігі

Мектеп әкімшілігінің жұмысын жеңілдету

Жеткізушілер үшін әділ төлем кепілдігі

Мемлекеттік қолдауды цифрландыру – бұл жай ғана технология емес. Бұл - әрбір мемлекеттік көмектің өз иесіне дәл әрі әділ түрде жетуін қамтамасыз ететін сенім жүйесін қалыптастыру.

 

Оқылды 613 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…
Ақп 06, 2026

Тәртіп – ел дамуының кепілі

Мектеп – кішкентай қоғам. Сондықтан мектеп қабырғасындағы тәртіп – болашақтағы азаматтық…
Ақп 06, 2026

Қызылорда қаласында «Ауыл»…

2026 жылғы 06 ақпанда Қызылорда қаласында «Ауыл» партиясының Қызылорда облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет