Сәрсенбі, 23 Сәуір 2025 12:07

Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіледі. 2024 жылы Ұлттық құрылтай отырысында жарияланған бұл шешім –жеке тұлғаның дамуындағы кітаптың рөліне қоғамның назарын бұруға, сондай-ақ жоғары оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Мерекелік күнге дайындық аясында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында EGOV mobile платформасында азаматтар арасында сауалнама жүргізілді.

Анықтама: сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен 46 190 адам қатысты. Оның ішінде 50.7% әйел және 49.3% ер; 70% қазақ, 18% орыс және 12% басқа этностар; 21% (18-29 жас), 50% (30-45 жас), 22% (46-60 жас), 5% (61 жастан жоғары).

Сауалнаманың мақсаты – халықтың кітапқа қатысты қызығушылығын зерттеу, кітап оқуға деген жалпы көзқарасты анықтау.

Алынған нәтижелер өзекті тенденцияларды көрсетеді және кітап оқитын ұлтты қалыптастыру әлеуетін жаңа көзқараспен бағамдауға мүмкіндік береді.

 

Қазақстандықтардың басым бөлігі (57,3%) тұрақты негізде кітап оқиды.

Социологиялық деректер қазақстандықтар кітап оқуды негізінен – білім және ақпарат алу үшін пайдаланатынын көрсетеді.

Респонденттердің 31% жылына 1-3 кітап, 26.3% 3 кітаптан артық оқиды. Бұл көрсеткіш – халықтың едәуір бөлігінде оқуға деген қызығушылықтың сақталғанын көрсетеді.

Бұл ретте кітапқұмар нәзік жандылардың саны (58.7%) ер-азаматтарға (55%) қарағанда көбірек екені байқалады.

Оқуға деген қызығушылық жас санатына байланысты да құбылатынын көрсетті: кітап оқуға деген қызығушылық негізінен 18-29 жас аралығындағылар мен аға буын (61 жастан асқан) адамдар арасында  басым. Ал 30-45 жас аралығындағы адамдар салыстырмалы түрде аз оқиды.

Алайда, сұралғандардың үштен бір бөлігі (30.6%) уақыттың жоқтығынан мүлдем кітап оқымайтынын мойындады.

Ал жалпы сұралғандардың тек 6.2% кітап оқуға ешқандай қызығушылық жоқ деп көрсеткен. Бұл егер мүмкіндік жасаса қоғамның кітапқа қызығушылық әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді.

 

 

Тарихи мазмұндағы кітаптар – таңдаулы жанрлар рейтингінің көшбасшысы (26.4%)

Қазақстандық оқырмандар кітап жанрлары арасында тарих, тарихи романдар, өмірбаяндар және публицистикалық кітаптарға басымдық береді (20.5%).

Әрбір алтыншы таңдау – шытырман оқиғалар, махаббат романдары, детективтер (16.3%).

Әрі қарай оқырмандарды қызықтыратын жанрлардың арасында:

Психология, өзін-өзі дамыту кітаптары (15.4%);

Оқулықтар, ғылыми және кәсіби әдебиеттер (8.2%)

Классикалық әдебиет (7.7%);

Ерлер мен әйелдер өздері үшін әртүрлі жанрларды таңдайды.
Ер-азаматтар көбіне – тарихи кітаптар, сонымен қатар ғылыми және кәсіби әдебиеттерді дұрыс көреді.

Ал нәзік жандылар – шытырман оқиғалар, махаббат туралы романдар, детективтер, сонымен қатар психология, өзін-өзі дамыту туралы кітаптарды ұнатады.

Жалпы, қазақстандықтардың жанр бойынша қалаулары, сондай-ақ мазмұнды әдебиетке деген тұрақты қызығушылықтары – интелектуалды даму мен қоғамның өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын айғақтайды.

 

Сауалнамаға қатысқандардың 50.8% - кітаптарды дәстүрлі қағаз форматында, 28% - смартфондар арқылы, 5.3% - электронды планшеттер арқылы оқиды.

Сауалнама деректері цифрлы форматың кең таралуына қарамастан, қағаз баспадан шыққан кітаптардың танымалдылығы қазақстандықтар арасында әлі де жоғары екендігін көрсетеді. Сұралғандардың жартысына жуығы (50.8%) кітапты дәл осы форматта оқитынын айтқан.

Одан кейін смартфондар – сұралғандардың үштен бірі телефонның экранынан оқиды (28%). Қазақстандықтар кітап оқу үшін пайдаланатын басқа да цифрлық тасымалдаушылар қатарында – электрондық планшеттер (5.3%) және компьютерлер (3.8%) саналады.

Оқудың балама әдісі – кітаптарды принтерлерден басып шығару екен. Мұндай әдісті сауалнамаға қатысқандардың 1.25% көрсетті.

Смартфондар, планшеттер және компьютерлер арқылы электронды форматта кітап оқу тәжірибесі жас қазақстандықтар арасында
(18-29 жас аралығындағы) жиі кездеседі.

Белсенді еңбекке қабілетті жастағылар (46 жастан 60 жасқа дейін) және аға буын (61 жастан асқан) кітапты дәстүрлі баспа форматында көбірек оқиды.

Айта кету керек, әдетте респонденттер бір емес, бірден бірнеше ыңғайлы оқу форматтарын қалайды. Ең жиі кездесетіні – «қағаз кітап пен смартфон» нұсқасы, бұл әсіресе жастар мен орта жастағы адамдар арасында танымал.

Жүргізілген талдау цифрлық құрылғылар Қазақстандықтардың оқу тәжірибесінен қағаз құрылғыларды толығымен ығыстырады деп айтуға әлі негіз жоқ екенін көрсетеді.

 

Әрбір бесінші қазақстандық М.Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздерін» оқыған.

Танымал әдеби шығармалар ішінде «Көшпенділер» (І.Есенберлин); «Қан мен тер» (Әбдіжәміл Нұрпейісов); «Ақ Орда», «Қазақ хандығының тарихы» (Радик Темірғалиев); Бауыржан Момышұлының кітаптар жинағы ерекше көзге түседі.

Шығармалар тізіміндегі абсолютті көшбасшылар – М. Әуезовтің «Абай жолы» және Абайдың «Қара сөздері». Бұл ұлы ойшыл Абай идеяларының қазіргі қоғам үшін жоғары өзектілігін тағы да көрсетеді.

Ең танымал әдеби шығармалар шоғырында – белгілі қазақ классиктерінің шығармалары.

 

Оқылды 451 рет

Соңғы жаңалықтар

Шіл 14, 2025

Конаев этим летом: более 860 тысяч…

Конаев этим летом уверенно закрепил за собой статус одного из самых популярных…
Шіл 12, 2025

Балалардың қауіпсіздігі үшін: Қонаев…

Қауіпсіздік пен жайлылық – басты басымдық. Балалар 4 млрд теңге көлеміндегі жеке…
Шіл 11, 2025

Разъяснение по вопросу переселения…

Согласно информации управления образования Алматинской области сообщаем: в связи с…
Шіл 11, 2025

Алдымен адам папилома вирусы…

 Адам папилома вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын…
Шіл 10, 2025

«Е-өтініш –мемлекеттік органдарға…

Е-Өтініш – бұл Қазақстан Республикасының азаматтарына, ұйымдарына және заңды тұлғаларына…
Шіл 10, 2025

28 шілде — Дүниежүзілік вирустық…

28 шілде — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) белгілеген Дүниежүзілік вирустық…
Шіл 10, 2025

Чествование преданных делу…

В городе Қонаев состоялось торжественное собрание, посвящённое профессиональному…
Шіл 10, 2025

Қоғамдық денсаулық сақтау ісіне адал…

Қонаев қаласында кәсіби мереке — Ветеринария күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
Шіл 10, 2025

Адам өмірі мен қоғамдық қауіпсіздік…

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жасар Максим Головачевке ит шабуыл…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет