Бейсенбі, 12 Маусым 2025 11:00

Жүрегі жырдан жаралған

Биыл ауданымыздың тумасы, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл. Жүрек қылын тербетіп, сыршыл сезімді сиқырлы сөзбен өлеңге қосқан лирик ақынның мерейтойына орай жуырда аудандық мәдениет үйінде «Жүрегі жырдан жаралған» атты облыстық жазба ақындар байқауы өтті.

Алматы облысының тілдерді дамыту жөнінднгі басқармасы ұйымдастырған бұл байқауға жыр сүйер қауым көп жиналды. Алдымен ақын-ның ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойған қонақтар мен байқау қатысушылары жақында жабдықталған Т.Молдағалиев музейі-мен танысып, кітап көрмесін тамашалады.

Байқау басталмас бұрын аудандық жастар театрының поэзия әлемінен сыр шертер әсерлі қойылымы көптің назарына ұсынылды. Актерлар Тұманбай Молдағалиев сөзін жазған әуезді әндерді орындап, байқау қатысушыларына ерекше шабыт сыйлады. Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Сарабеков сөз сөйлеп, «Бұл – тек бір ақынның мерейтойын атап өту ғана емес, тұтас бір рухани кеңістікті, поэзияның мөлдір әлемін жаңаша тануға мүмкіндік беретін ерекше күн. Бұл байқау жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ақынның өлеңдерін жаңаша түсінуге және ақын рухын ән мен жыр арқылы биікте әуелетуге мүмкіндік береді», – деді.

«Жастардың сырласы, үлкендердің ақылшы-сы, ұлт руханиятының шырақшысы бола білген біртуар ақынның 90 жылдығына арналған жыр кешінің мәні – тұтас бір дәуірдің, бір ұлттың поэзияға құрметі, ақын рухына тағзым», – деген Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Данияр Ахметов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Талантты тұлғаның қаламынан шыққан өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсат еткен бұл байқауға барлығы 12 қатысушы іріктеліп алынды. Олар байқау шарттары бойынша алдымен ақынға арнауын, одан кейін ақын шығармашылығынан бір өлеңнің үзіндісін оқыды.

 Өлең мен сөздің құдіретін білер М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты рухани құндылықтарды ғылыми-инновациялық цифрландыру орталығының директоры, өнер зерт-теуші, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы, халық-аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Кәдірбек Құныпияұлы, «Жетісу» теле-арнасының продюссері Гүлжан Қызайбай, Еңбекшіқазақ ауданының Т.Әбілезов атындағы «Айтыс, жыр, терме мектебінің» жетекшісі, ақын Дау-бай Әбдісай, Тілдерді дамыту жөнін-дегі басқарманың тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрмаман Оқас қатысушылардың шеберлігін саралап, әділ бағаларын берді. Жүзден жүйрік шығып, бас жүлде 200 мың теңгені Балқаш ауданынан келген Нұржігіт Кенжеғали иеленді. Бірінші орын кегендік ақын Аршын Нұрбақытұлына бұйырса, екінші орынды Райымбек ауданынан Оразхан Жасталап пен Ұйғыр ауданының қатысушысы Нұржан Жайдар жеңіп алды. Ал үш үшінші орын Жамбыл ауданынан Қызырхан Асқар және талғарлық қос қатысушы Бағжан Бақбергенұлы мен Майра Берікқызына бұйырды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Ақын мұрасын насихаттап, жастар арасында әдебиетке қызығушылықты арттырып, жас ақындардың жаңа есім-дерін оқырманға таныстыруды мақсат еткен байқау жоғары дәрежеде өтті.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 378 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет