Бейсенбі, 12 Маусым 2025 11:04

Бала денсаулығының бағбаны

Халықтың саулығы – мемлекеттің басты байлығы. Осы игілікті жолда аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Солардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданының білікті дәрігері, өз ісінің шебері Саттыбаева Лаура Алпысбайқызы.

Лаура Саттыбаева  1988 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген. 2005 жылы мектепті бітіріп, арман қуып Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне оқуға түседі. Бұл оқу орнында 2005-2012 жылдар аралығында білім алып, дәрігер мамандығын толық меңгерді. Студенттік кезеңінен-ақ өзінің жауапкершілігімен, білімге деген құштарлығымен ерекшеленген жас маман туған жеріне оралып, халыққа адал қызмет етуді мақсат тұтты.

Еңбек жолын Шелек ауылындағы аудандық поликлиникада жалпы тәжі-рибелі дәрігер ретінде бастаған Лау-ра Алпысбайқызы, бүгінде сол мекемеде стационар бөлімінде педиатр ретінде де қызмет атқарып келеді. Көп жылдық тәжірибесі мен үздіксіз ізденісінің арқасында ол балалар мен ересек тұрғындардың денсаулығына қалтқысыз қызмет етіп жүр. Науқас-тармен тіл табысып, олардың әрқай-сысына жеке көңіл бөліп, сапалы медициналық көмек көрсету оның бас-ты ұстанымы.

Медицина үздіксіз ізденісті қажет ететін сала. Осы талапқа сай келу үшін Лаура Алпысбаевна ұдайы кәсіби шеберлігін жетілдіріп, түрлі курстар мен семинарларға қатысып, заманауи медициналық әдістерді тәжірибеге енгізіп, еңбегімен еленуде. Оның жұмысына деген адалдығы мен кәсі-билігі әріптестері мен басшылық тарапынан да жоғары бағаланады.

Өзінің мейірімділігімен, кішіпейіл-дігімен, сабырлы мінезімен  көптің алғысына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жан Лаура ханымның деніне саулық, отбасына амандық, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз! Еңбегі-ңіздің жемісін көріп, халық алғысына бөлене беріңіз!

 

Жайна Ептібекқызы.

Оқылды 292 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет