Сейсенбі, 17 Маусым 2025 11:15

Алматы облысында қылмыс деңгейінің тұрақты төмендеуі тіркелді

Алматы облысында өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиында 2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы қаралып, профилактикалық шаралардың басым бағыттары мен қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен кешенді тәсілдің нәтижесінде аймақта айтарлықтай оң өзгерістер байқалды.

Құқықбұзушылық туралы өтініштер мен хабарламалар саны 35 069-дан 31 029-ға дейін қысқарды (–11,5%), ал тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 4 481-ден 3 925-ке дейін төмендеді (–12,4%).
Аса ауыр қылмыстар – 45,3%-ға, ауыр қылмыстар – 14,7%-ға, ал онша ауыр емес қылмыстар – 16%-ға азайды. Қасақана адам өлтіру екі есеге (28-ден 14-ке дейін), ұрлық – шамамен үштен бірге (922-ден 653-ке дейін), ұсақ ұрлық – төрт еседен астам (518-ден 112-ге дейін) төмендеді. Қоғамдық орындардағы құқықбұзушылықтар – 19%-ға, ал алкогольдік мас күйінде жасалған қылмыстар – 3%-ға азайды. Есірткі айналымына қатысты, сату мақсатынсыз тіркелген құқықбұзушылықтар 25,4%-ға қысқарды.

Бұл деректерді Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің уақытша басшысы Максат Айтимбетов ұсынды.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікенов өңірдегі жағдайды баяндап, қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар туралы мәлімдеді:
«Біз көрсеткіштердің тұрақты жақсаруын көріп отырмыз. Бұл – атқарылып жатқан кешенді жұмыстың нәтижесі. Дегенмен, осы қарқынды бәсеңдетпей, қауіп төнетін аумақтарда алдын алу шараларын күшейтуіміз қажет», – деді ол.

Облыс прокуроры Берік Адамов құқықтық тәртіпті нығайтуда технологиялық шешімдердің маңызын атап өтті.
«Қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді: ұрлық – 37%-ға, мал ұрлығы – 27%-ға, кісі өлтіру – 75%-ға азайды. Қосымша тиімділік ретінде 9 000 бейнебақылау камерасын қосу жоспарланып отыр. Бұл “соқыр нүктелерді” жоюға және бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Жиынға сондай-ақ Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Данияр Ақжанов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Болат Жармақов және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілі Рустам Ибраев қатысты. Олар өз салалары бойынша өзекті сын-тегеуріндер мен ұсыныстарын жеткізді.

Жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының артуы мен қайғылы жағдайлар себепті білім беру, көлік және автомобиль жолдары басқармаларының басшылары тыңдалды. Сондай-ақ, кейбір аудандарда құқықбұзушылықтың жекелеген түрлері өсім көрсеткені үшін тиісті аудан әкімдері баяндама жасады.

Жиынды қорытындылай келе, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қылмыс деңгейін төмендету – барлық мемлекеттік органдардың бірлескен әрі жүйелі жұмысының нәтижесі екенін атап өтті:

«Қылмыстың төмендеуі – бұл ведомстволардың үйлесімді және жауапкершілікпен атқарған жүйелі жұмысының жемісі. Қабылданған шаралар нақты нәтиже беріп жатқанын көріп отырмыз. Басты мақсат – қылмыстың алдын алу, уақытылы әрекет ету және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – біздің негізгі басымдығымыз», – деді өңір басшысы.

Жиын қорытындысында құқықбұзушылықтың алдын алуды күшейту және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар қабылданды. Комиссия өз жұмысын жалғастыра отырып, жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алуға ғана емес, бұрын жіберілген қателіктерге жан-жақты талдау жүргізіп, одан сабақ алуға және оларды қайталамауға ерекше көңіл бөлетін болады.

Оқылды 331 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…
Қаң 22, 2026

Ғасыр адамы

12 қаңтар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы,…
Қаң 22, 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт…

Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты.…
Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет