Бейсенбі, 19 Маусым 2025 15:13

Алғыс пен құрмет иелері

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі. Ақ халатты абзал жанның жұмысының ауырлығы, әр ісінің жауапкершілікке толы екені анық. Сол себепті де адам жанының арашасы бола білген дәрігерлердің құрметі биік болуға тиісті. Соған сай мереке қарсаңында аудандық Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде «Ақ халатты абзал жандарға алғыс» атты мерекелік кеш өтті.  

Мерекелік кештің құттықтау сөзін алған аудан әкімінің орынбасары Ертай Сұлтанәліұлы:

– Медицина қызметкерлерінің күні – ден-саулық сақтау саласында қызмет жасайтын жандардың ғана мерекесі емес, бұл – бүкілхалықтық мейрам. Өйткені, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ. «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» дейді ұлы ойшылдар. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкін-діктер жасалуда.

Ауданымызда да денсаулық сақтау жүйесі үнемі нығайтылып келеді. Салаға бөлінетін қаржы да жылдан жылға артып, аудандағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да жаңартылуда.

Ауданымыздың медицина саласында 83 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде – Енбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы, Үздік тәжірибелер орталығы (ҮТО), Шелек ауылының № 1 аудандық ауруханасы, Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы, 47 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 26 фельдшерлік-акушерлік пункттер, оның ішінде медициналық пункттер, Бәйдібек би ауылының оңалту және ерте араласу орталығы, 5 жекеменшік медицина ұйымдары, Аудандық сани-тариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы – дей келе, қиын да күрделі мамандықты кәсіп еткен ақ халатты абзал жандардың табанды еңбегі мен ерік-жігерін сөзіне арқау етіп, жүрекжарды тілегін білдірді.

Ертай Сұлтанәліұлы құттықтау сөзін тәмамдап, мерекелік марапаттарды табыстады. Әуелі Болат Рысбайұлы, Тынымбике  Гельманқызы бастаған бір-қатар медицина саласының ардагер-леріне сый құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, өз кәсібінде жемісті еңбек нәтижесінде үздік деп танылған медицина қызметкерлері аудан әкімі Талғат Ескендірұлының «Құрмет» грамотасы және алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік кеш мәдениет саласының қызметкерлері әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты. «Улыбка» би ансамблінің көркем биі, Біржан Бәзіл-жан, Сандуғаш Мубарак, Ләлә Бақыт-нұрқызы, Алма Қызыр, Жасқанат Қызыр, Нұртас Қайратұлы сынды талант иелері әсем әндерді әуелетті.

Оқылды 338 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет