Бейсенбі, 19 Маусым 2025 15:29

Жаңарған ғимарат – жаңа мүмкіндіктер

Денсаулық сақтау жүйесін дамытып, сапалы медициналық көмекті ауыл халқына барынша қолжетімді ету үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы тыңғылықты жүргізіліп келеді. Соған сай жуырда аталған жоба аясында Есік қаласындағы көпбейінді орталық аудандық ауруханасының ғимараты күрделі жөндеуден өткен еді. Айтулы жаңалыққа орай, толығымен біткен жұмыстың қорытындысын көзімен көріп, халықтың пікірін білу үшін аудандық ауруханаға ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов арнайы ат басын тіреді. Шараның басында салтанатты түрде лента қию рәсімі өтті. Аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Жамиля Абеуова таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастау алған  «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу, жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханаларды жаңғырту және оларды жарақтандыру арқылы ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру, ауылдағы денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету сынды міндеттері іске асырылып келеді. Ауқымды жобамен көпбейінді орталық аудандық ауруханасының ғимаратында былтыр сәуір айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, ауруханада науқастардың кедергісіз сапалы ем алуына барлық жағдай жасалды.

Жөндеу жұмыстары барысында кіреберіс топтары мен қабылдау бө-лімшелері қайта құрылып, үш опера-циялық блок пен реанимациялық палаталар заманға сай қажетті құрал-жабдықпен толық жабдықталды, су мен электр жүйесі, кәріз, желдету сынды инженерлік жүйелер толығымен жаңар-тылды, лифттер жөнделіп, СКС және өрт дабыл жүйесі жаңадан қайта орнатылды.

Сондай-ақ аурухананың айналасы абаттандырылып, автотұрақ кеңейтіл-ді. Мердігер ұйым «СП NEFT» ЖШС аталған жұмыстарды толығымен аяқ-тап, бас дәрігерге тапсырып берді. Жалпы жөндеу жұмыстарына 4,7 млрд теңге жұмсалған.

Барлық медициналық тексеруге қажетті клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізетін жоғары технологиялы медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджет есебінен 195 млн теңге жұм-салған. Ол қаржыға 16 бірлік эксперттік санаттағы УДЗ, дефибрилляторлар, наркоз-белсенді тыныс алу аппараттары және басқа да медициналық қондырғылар алынған. Жергілікті бюджеттен 2023 жылы бөлінген 1,6 млрд теңгеге КТ, МРТ, маммограф сынды 6 бірлік, ал 2024 жылы бөлінген 367 млн теңге қаражатқа ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету аппараты), көпфункциялы төсектер, урологиялық және ЛОР жаб-дықтары, УДЗ планшеті, зертханалық құрал-жабдықтар секілді басқа да 54 бірлік қажетті құрал-жабдық алынып, аурухананың материалдық-техникалық базасы толықтырылған.

«Ұлт денсаулығы – мемлекет бай-лығы» десек, бұл атқарылған жұмыс-тың нәтижесі ауданымыздың және жақын маңдағы ауылдық өңірлердің тұрғындарына мамандандырылған, жо-ғары технологиялық, шұғыл және жос-парлы медициналық көмектің уақтылы көрсетілуіне мол мүмкіндік бермек.

 

Р.НАРХАНОВ.

Оқылды 329 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Алғыс пен құрмет иелері «Атамекен» – ұлттық рух мекені »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет