Бейсенбі, 19 Маусым 2025 15:33

«Атамекен» – ұлттық рух мекені

Жазғы демалыста балаларға арналған мектеп жанындағы

«Атамекен – ұлттық рухтың бесігі» атты этно-фольклорлық «Атамекен» лагерінің мерекелік ашылуы  Шелек ауылындағы гимназия ұжымының ұйымдастыруымен әсерлі өтті. Лагердің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімі, аудандық мектептердің тәрбие ісі жөніндегі

меңгерушілері, ауылдың ақсақалдар алқасы, әйелдер қауымы мен

ата-аналар қатысты.

«Атамекен» лагерінің ашылуы, бұл – тек демалыс орыны емес, бұл – тарихымызбен қауышқан мәдениетімізді терең танып-білу, рухани тәрбие мен ұлтжандылықтың бастау көзі болмақ.  Бұл шараның мақсаты – жас жеткін-шектердің бойына  ата-баба мұрасын сіңіру, ұлттық ойындар, қол-өнер, терме мен жыр-дастандарды үйрету арқылы халқымыздың мол мұрасын игерту. Лагер аясында ұйымдастырылатын түрлі шеберлік сабақтар, этно-танымдық сайыстар мен  мәдени кештер – жас ұрпақтың елін сүйетін, тілі мен ділін құрметтейтін азамат болып қалыпта-суына ықпал етеді – деп жоспарлануда.

Осы салтанатты сәт – жас ұрпақтың жүрегіне ұлттық рухты дарытатын басты қадамда, лагердің ашылу лентасы қиылып, шашу шашылды. Ауылдық  ардагерлер қауымының төрағасы Әбілбек Айтақынов, ақ батасын беріп, әйелдер қауымының төрайымы Гүлжан Рыскелдіқызы жүректен жарып шыққан ақ тілегін арнаса, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Зарина Бақытжанқызы демалыс пен қатар ұлттық рухты ұштастырған  тәрбиенің маңыздылығын өз сөзіне арқау етті.

Шараның мүддесі – аталар мен әжелер, әкелер мен аналар мектебі,  ағалар қамқорлығы мен жеңгелер кеңесі клубтарының қатысуымен ұлт-тық мұраны жаңғыртып, жас ұрпаққа терең  білім беру, сонымен қатар түрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәс-түрін құрметтеу болып табылады. Лагерде жас жеткіншектер бір-бірімен достасып, жаңа дағдыларды меңгеріп, ұлттық рухта тәрбие алады. Оның айқын дәлелі – «Даналық мектеп» клу-бы. Әрбір мектептің тәлім-тәрбиесі – осы клубтың өнегелі ісінен көрініс табатыны.  

Мәселен, «Аталар мектебінің» бабалардан жалғасып келе жатқан өмірлік тәжірибесі мен даналығы тәлім-тәрбие жүйесі екенін, кейінгі ұрпаққа батырлық, елге қызмет көрсету, туыстық қарым-қатынас, сыйластық сияқты адами құндылық ұлтық тәрбиеден бастау алатынын  сөздеріне арқау етіп, ауыл ақсақалы балаларға өсиет айтып, бата беріп, киіз үй ішінде өнегелі отбасы құндылығы көрініс тапты. «Әжелер мектебі» – салт-дәстүр мен әдет-ғұрып-тарды өскелең жастардың заманына қарай жаңғырту, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру жайлы сөз қозғап, әжелер халық әнін орындап, қой жүнінің тұрмыстағы пайдасы туралы әңгімелеп берді. «Әкелер мектебі» мен «Ағалар қамқорлығы» – отбасындағы әкенің атқарар рөлі, ерлердің  беделі қақында айтып, «Ат – ер қанаты» тақырыбында шеберлік сынып сабағын өткізіп, «асық ату», «арқан тарту», «қол күрес», «бес тас» сынды басқа да ойын түрлерін көрсетті. «Аналар мектебі» мен «жеңгелер кеңесі» – ұлттық тағамдар дайындау әдістері, әр тағамның шығу тарихы, дастархан басында әдеп сақтау сияқты тәрбиелік маңызы зор кеңестерді баяндап,  қазақ жастары қызыға ойнайтын «Алтыбақан» тарихына кеңінен тоқталды. Жастардың бір-бірімен танысуы, қалжың сөз қағыстырып, суырып-салмалық өнерлерін дамытуға ықпал ететінін түсіндіріп, алтыбақанның айналасында жастар домбыра шертіп, ән салды.

Шара соңы гимназияның өнерпаз оқушылары: «Ата-мұра» оркестрінің тү-лектері күй тартыс орындап, «Жас ұлан» әншілер  тобы асқақтата ән шырқап, бишілері мың бұрала би биледі. Оның соңы марапаттау рәсіміне жалғасып, оқушыларға балмұздақ таратылды.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 348 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет