Бейсенбі, 19 Маусым 2025 15:39

Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмас

Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының  асыраушысы, қамқоршысы. Әкенің  мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі баланың  өнеге алатын формасы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.  «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек, – деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған ұлтпыз. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Қазіргі таңда әкелердің қоғамдағы орны мен рөлі қандай? деген сұрақ төңірегінде Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасында 15 маусым – әкелер күніне орай дөңгелек үстел өткізді.

Әке – асқар тау деп теңестіреді дана халқымыз. Әр бала әке мен ананың махаббатының жемісі десек, бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады. Алайда, қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар  бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса – анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.

Дөңгелек үстелге «Ама-Nат» партиясы аудандық филиалының басшысы Бағдат Болатұлы, Еңбекшіқазақ газетінің бас редакторы Хайролла Қасымұлы, Есік қаласы әкімінің орынбасары Алма Болатқызы, аудандық жас-тар ресурстық орталығының жетекшісі Қымбат Дәуке қатысты. Одан бөлек іс-шараға көпбалалы әкелер де шақыртылып, марапатқа ие болды. Олар Талғат Нұрдәулетұлы, Есет Мәуленұлы, Серікқали Армияұлы.

Шарада қатысушылар әке-нің қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Бұрын әке деген атты естігенде – қаталдық, адалық, салмақтылық секілді қасиеттерді бойына сіңірген әке елестеуші еді. Қазір тұрмыстық жағдайлардың әсеріне шыда-май, бар ауыртпашылықты ананың мойнына ысырып, басын сауғалап жүрген әкелер қатары көбейді. Бұл жойылуы керек – індет. Дер кезінде қолға алып, күреспесек арты жақсылыққа апармайды, –  деді бас редактор Хайролла Қасымұлы.

Расында, әке – көшбасшы. Әкеңнің жай ғана басыңнан сипап, күлімдегенінің өзі  бала үшін – ең маңызды сәттердің бірі. Баланың тәтті балалық шағы әкесі мен анасына тікелей байланысты. Егер бала    жастайынан әкесінен бар мейірім мен тәрбиені алып өссе, келешекте ол өз балаларына тура сол тәрбиені берері анық. Өкінішке қарай, қазір өз туған баласынан жалтарып, алимент төлеуден қашып жүрген әкелер де бар. Оған себеп, ер адамның өзіне деген сенім-сіздігі әрі жауапкершілікті ала алмауы екені де белгілі.

Шараның негізгі мақсаты – бала тәрбиесіндегі әкенің орнын түсіндіру. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге сай әкенің орны әрқашан ерекше екендігін жас ұрпаққа ұғын-дыру.

 

 Жанерке САТЫБАЛДЫ.

Оқылды 337 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет