Бейсенбі, 19 Маусым 2025 15:42

Ел жүрегінде сақталар қос есім

Кім келіп дүниеден

кім кетпеген,

Ащы қайғы

кімдерді жүдетпеген.

Еске алып дұғасына

жиналыппыз,

Ұрпақтың парызы ғой

тірі жүрген – 

дей келе, өмірінің 30 жылын мәдениет саласына арнаған ауданға еңбегі сіңген  ерлі-зайыпты Иманмұхамед Бағжанов пен Дыбыскүл  Ахметбаеваны Есік қалалық музейінде еске алу кеші  өтті. Танымдық шараға қос тұлғаның көзін көрген еңбек ардагерлері, музей қызметкерлері, балалары қатысты.

Әр адам өмірге келген соң, мәнді ғұмыр кешуді армандайтыны хақ. Артынан өшпес мұра қалдырса – нағыз  мәнді өмір сүріпті деп пайымдап жатамыз.  Расында, Жаратушы тарту еткен үлкен сый – өмір.  Сол өмірдің әр сәтін дұрыс пайдаланып, елге қызмет еткен ерлі-зайыпты өнер саңлақтарының өнегелі өмірінен сыр шертсек.

Иманмұхамед ағамыз 1951 жылы 9 мамырда  бұрынғы Талдықорған облысы, Гвардия  ауданы, қазіргі Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы Қоянкөз ауылында өмірге келіп, 1972 жылы Мұхтар Әуезов атындағы  актерлық студияда,  Райымбек Сейітметов, Сәбит Оразбеков, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды тұлғалардан тәлім алады. 1976 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласына қоныс аударып, аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, көркемдік жетекші-нұсқаушы, мәдениет үйінің директоры, аудандық кино жүйесінің басшысы, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы  қызметтерін атқарды. Ауданымыздағы мәдениет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлесін, зор еңбегін сіңірген Иманмұхамед Бағжанов, өзінің жанында қызмет  істеп жүрген жастарға көп көмегін көрсетеді. Жас мамандардың диплом алуына, баспаналы болуына тікелей септігін тигізеді. Қазіргі Тұманбай Молдағалиев атындағы «Жібек жолы» ансамблінің бірінші ұйымдастырушысы  болған Иманмұхамед аға ансамбльге музыканттарды жинап,  жас мамандармен толықтыру жұмысына басшылық еткен. Оған қоса ансамбльдің «Халық» атағын алуына үлкен үлесін қосқан ұйымдастырушы. Ансамбльдегі даму жолында Тұрлығазы Шаяхмет, Балтабай Ыбраев, Бектұр Имашұлы, Батырғали Сатанұлы, Базаркүл Даненбайқызы, Арман Жақсылықұлы, Әлия Қыстаубаева сынды майталмандардың да еңбегін айта кету керек. 1992 жылы наурыз айында өткен облыс жиналысында алғашқы президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа «мәдени тарихи мұра ескерткіштеріміз  мемлекеттік  қорғауға алынса» деген мәнде хат жолданып, 1993 жылы Елбасының қолдауымен 24 ақпанда «Есік өлкетану музейінің» ашылуы туралы шешім шықты. 1993 жылдың 17 тамызында облыстық мә-дениет басқармасының басшысы  Күлімхан Жәйшібекова музей жұмысын жандандыру, көтеру мақсатында ау-дандық мәдениет бөлімінің басшысы Иманмұхамед  Бағжановты музей директоры қызметіне тағайындайды.  Иманмұхамед Момынұлы мәдениет саласына 30 жыл еңбегін арнады, оның ішінде 16 жыл мәдениет саласында  жұ-мыс атқарса, 10 жыл музей директоры болды.

Дыбыскүл Ахметбайқызының мәде-ниет саласына, оның ішінде музей үшін жасаған еңбегі жайлы айтпай кету айып болар.  Дыбыскүл Ахметбайқызы 1950 жылы 5 маусымда  Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылында дүниеге келіп, 1966 жылы 8 сыныпты «Жасөркен» орта мектебін тәмамдап, Жамбыл қала-сындағы училищеге түсіп, оны аяқтаған соң, 1970 жылы Қыздар педагогикалық институтында білім алады. 1974 жылы институтты үздік аяқтап,  Есік қаласын-дағы педучилищеге  жолдамамен  жұ-мысқа орналасады. Училищенің мето-дикалық  жұмыстарын атқара жүріп, кәсіподақ комитетінің  мүшесі болды.

Еске алу кешінде, қазіргі Есік  гума-нитарлық-экономикалық колледжінде бірге қызметтес болған Баршагүл Мақсұтханқызы, Гүлжамал Хамитқызы, Гүл Мырзабекқызы, Света Нұрмашқызы, Гүлнар Төлеуқызы, Батырғали Сатан-ұлы, Базаркүл Даненбайқызы  сынды бір топ әріптестері Дыбыскүл Ахметбайқызы жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, көздеріне жас алды.  Дыбыскүл Ахмет-байқызы училищедегі ән-әуез бөлімінде көп жылдар қызмет атқарып, 1998 жылы  музыка бөлімінің таратылуына  байланысты, музейге лаборант болып жұмысқа орналасқаны жайлы да әңгіме өрбітті.

1973 жылы өмір мен өнерге деген қызығушылықтары ұштасқан қос тұлға шаңырақ көтереді. 2 ұл, 2 қыздың ата-анасы атанып, тәрбие берді. Бағ-жановтар әулетінің ең қызықты шақтары да осы болған шығар, бәлкім?! Ата-ана үшін баласын қара жердің қойнауына өз қолымен тапсырғаннан ауыр сынақ жоқ болар. Ерлі-зайыптылардың  Самат есімді ұлы мен Сандуғаш есімді қызы өмірден өткен. 2002 жылы Иманмұхамед Момынұлы инсультке шалдығып, дү-ниеден озды. «Әйел – қырық шырақ-ты» демекші, қиын-қыстау заманда қос құлынын  ешкімнен кем қылмай, мәпелеп өсірген Дыбыскүл, аяулы ана, ардақты жар, дана әже бола білді. Әйел – қашан да мықты әрі өжет екенін тағы бір дәлелдеген тұлға. Дыбыскүл Ахметбайқызы зейнетке шыққаннан кейін, Т.Молдағалиев атындағы мәде-ниет үйінің «Алтын адам»  ардагерлер ансамблінің әншісі болған.

Еске алу кешінде Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директо-рының орынбасары Даулетхан Оңла-сынұлы, Еңбекшіқазақ газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, жыршы әрі термеші Балтабай Ыбраев,  мәдениет қайраткері Тоғжан Дүйсен-байқызы, Ауданымыздың әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ханым Шотпайқызы, Сәуле Құрмашқызы, Әйелдер қоғамының төрайымы Роза Омарқызы, Есік гуманитарлық-экономи-калық  колледжінің тәрбие оқу бөлімінің басшысы болған Гүлнар Төлеуқызы тарихи тұлғаларды еске алып, ыстық естеліктерімен бөлісті.

Ғалымның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді – демекші, халқына еңбегі сіңген тұлғалардың есімі еш уақытта ұмытылмасы анық.

Жанерке САТЫБАЛДЫ.       

Оқылды 362 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет