Сәрсенбі, 25 Маусым 2025 15:06

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың санитариялық жағдайы бақылауда

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының қауіпсіздігі мен жағажайлардың санитариялық жағдайы ерекше бақылауға алынды. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Исмаилов Марат мәлімдеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, әлемдегі аурулардың 80% сапасыз сумен байланысты. Сондықтан су объектілерінің санитариялық жағдайы – халық денсаулығы үшін аса маңызды мәселе.

Алматы облысында 130 демалыс орны бақылауға алынған. Оның ішінде 90 Қонаев қаласында, Еңбекшіқазақ, Балқаш және Іле аудандарында орналасқан. Сонымен қатар, 33 қала сыртындағы оқушылар лагері де санитариялық тексеруден өтуде.

Департамент жыл сайын маусым басталар алдында су мен жағажай құмын зертханалық тексеруден өткізеді. Биылғы маусымға дайындық аясында 147 су 51 топырақ сынамасы алынған.

Шомылуға арналған су айдындарын пайдаланатын кәсіпкерлер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық ережелеріне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Жағажай аумағында көлеңке түсіретін шатырлар, шезлонгтар, кабиналар, тазалыққа арналған құралдар орнатылып, күн сайын дезинфекция мен тазалау жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Исмаилов Марат жағажайды таңдау кезінде бірнеше қарапайым ережені сақтауға шақырды. Атап айтқанда, демалыс орны лас ағынды сулардан, мал жайылымынан және өндіріс орындарынан кемінде 500 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Балалардың шомылуына тек ауа температурасы +23°C және су температурасы +20°C болғанда ғана рұқсат беріледі.

Біздің мақсатымыз – халықтың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Сондықтан әрбір демалыс орнының санитариялық жағдайы қатаң бақылауда болады, — деп қорытындылады сөзін Исмаилов Марат.

Оқылды 294 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет