Бейсенбі, 26 Маусым 2025 09:41

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Құрметті азаматтар! Соңғы уақытта интернетте пранк және экстремалды көріністер бейнеленген видеолар жиі таралуда. Мұндай ойындар мен қауіпті трюктер әлеуметтік желілерде "хайп" үшін жасалуда.

Өкінішке орай, "лайк пен қаралым үшін жарыс" әзіл-қалжың мен дұрыс көңіл көтерудің шеңберінен шығып кетуде. Авторлар ешкімге зиян келтірмейтін контенттің орнына агрессия, арандату, зорлық-зомбылық көрсетіп, өмірге қауіп төндіретін әрекеттерге барып жатыр. Мұндай әрекеттер жалпыға қауіпті және қоғамдық тәртіпті бұзады. Жыл басынан бері осындай деректер бойынша 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Астанада блогерлер лифт ішінде "мәйіт" тасып және балтамен шабуыл жасап, видео түсірген. Бұл видео жолаушылардың үрейін ұшырып, қатты қорқыныш тудырды. Аталған қатыгез пранктің барлық қатысушылары 15-тен 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды. Алматы облысында экстремалды видео түсіру кезінде жас жігіт келе жатқан көліктің үстінен секірмек болды. Өкінішке орай, бұл әрекет қайғымен аяқталды — ол ауыр жарақат алып, көз жұмды. Мұндай әзілдер қауіпті ғана емес, сонымен қатар әдеп нормаларына сәйкес келмейді, қоғамдық тәртіпті бұзып, қауіпсіздікке қол сұғып, орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Бұл көріністердің куәгерлері көбіне шок алып, күйзеліске ұшырайды. Ал орындаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді. Ішкі істер министрлігі ескертеді: қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіретін, сондай-ақ адамның ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатыгез пранктер мен қауіпті трюктер — бұл өнер емес, бұл — заң бұзушылық. Біз осындай контент авторларына үндеу жолдаймыз: Күмәнді көріністі түсірмес бұрын немесе оған қатыспас бұрын салдарын ой елегінен өткізіңіз; Өмірде де, интернетте де өзгелердің сезімін, қауіпсіздігін және жеке шекарасын құрметтеңіз. Заңды сақтаңыздар және құқықтық жауапкершілікке әкелетін әрекеттерге бармаңыздар, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. ҚР ІІМ 286 БөлісуFacebookTwitterVKTelegramБасу Шұғыла Тұрлыбек АЛДЫҢҒЫ ЖАЗБА Абай облысында алаяқтық жасаған сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізілді КЕЛЕСІ ЖАЗБА Атырауда жазғы лагерьде интернет қауіпсіздігіне арналған танымдық кездесу өтті СОНДАЙ-АҚ ОҚЫҢЫЗДАР ЖАҢАЛЫҚТАР Зағамбар, Алғабас және Тағайна – ішімдіксіз өмір салтын таңдаған ауылдар ЖАҢАЛЫҚТАР Текеліде полицейлер бояуға уланған жігітті құтқарып қалды ЖАҢАЛЫҚТАР Заманауи батырлар Заң мен Тәртіп күзетінде АЛДЫҢҒЫ КЕЛЕСІ ЖАУАП ҚАЛДЫРУ Пікір орналастыру үшін кіруіңіз жөн. ТАЛҚЫЛАУ Түркістан облысында "ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері" форумы өтті 26 Маусым 2025 ж., 09:36 12 СҚО-да жазғы лагерьдегі балаларға "Киберпатруль" төсбелгілері табысталды 26 Маусым 2025 ж., 09:18 21

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-prank-zang-buzugha-sebep-emes/

Оқылды 364 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет