Бейсенбі, 26 Маусым 2025 11:53

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы – мемлекеттік қызметкер болып табылады. Сол себепті де, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтатар мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет. Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде 23 маусым күні мемлекеттік қызметкерлер күні мерекеленеді. Маңызды салада, қалтқысыз қызметтерін танытудан жаңылмаған жандардың құрметіне аудандық Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Мерекеге аудан әкімі Талғат Байеділов, аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов, мемлекеттік саладағы еңбек ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Салтанатты мерекенің шымылдығы мемлекеттік Гимнмен ашылды. Аудан әкімі Талғат Ескендірұлы құттықтау кезегінде:

– Бүгінгі кәсіби мереке – халық мүддесіне қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған адал азаматтарға көрсетілген шынайы құрмет. Елге қызмет ету – ардың ісі, ұлтқа адал болу – үлкен жауапкершілік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мемлекеттік қызмет – бұл өз еліне және халқына қызмет ету. Бұл – ерекше кәсіп», деп барша мемлекеттік қызметшілердің кәсіби болмысы мен азаматтық ұстанымының айқын айғағын нақтылаған болатын.

Мемлекеттік қызметші – халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір. Қай кезеңде де бұл мамандық иелерінің адалдығы мен абыройы ел тағдырына тікелей әсер етіп келген.

Сондықтан әрдайым биік талаптардан таймай, кәсіби шеберлікті жетілдіре отырып, жаңғыру үдері-сінің белсенді қатысушысы болуымыз қажет. Ауданымызда 335 мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Орташа жас – 45 болса, қызметкерлердің 65%-ы – әйелдер. Мемлекеттік қызметтің сапалық құрамының жаңарып, гендерлік теңдіктің орын алғанын аңғаруға болады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің қатарында Президенттік жастар кадр резервінде 2 қызметші бар.Одан бөлек, ауданымызда жоғары оқу орынды GPA 3,2 балмен бітірген түлектер конкурстан тыс 2 мемлекеттік қызметші Бәйдібек би және Түрген ауылдық округі әкімі аппараттарына тағайындалды – дей келе, мемлекеттік саладағы тың серпіндер мен жаңалықтарды бөлісті. Әріптестерін алдағы уақытта да ел мүддесі үшін жүйелі жұмыс жасауға шақырып, ізгі тілегін білдірді.

Сахна төрінде аудан әкімі мерекеге арналған арнайы марапаттарды табыс етті. Ең әуелі Роза Омар-қызы, Серік Бейсенқұлұлы, Гульнара Дүйсебекқызы, Нұржамал Жұманқызы, Әзіл Кәрімұлы бастаған бірнеше еңбек ардагерлерін сахнаға шақырып, сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті. Есік қаласы әкімінің орынбасары Алма Болатқызына, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сәуле Кабдушовнаға облыс әкімінің, аудан әкімі аппараты кадр қызметі бөлімінің бас маманы Аида Арманқызына мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент бас-шысының алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар өз қызметінде іскерлігімен көзге түскен бірқатар мем-лекеттік қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Ардагерлер атынан Гульпям Маметова мемлекеттік қызметтің құндылығы жөнінде өнегелі әңгіме қозғап, құттықтау тілегін жеткізді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар ант қабылдау рәсімінен өтті.

Мерекелік кешке арнайы шақырылған эстрада жұлдыздары Ұшқын Жамалбек, Өмірқұл Айниязов рухты әндерін шырқады. Аудан әншілерінің орындауында «Атамекен» әнімен мерекелік шара өз мәресіне жетті.

 

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 482 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « МВД: Пранки не повод нарушать закон Көз көрген »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет