Бейсенбі, 26 Маусым 2025 13:19

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге  жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз,

Ел басымыз, Мемлекеттік рәміздеріміз бар. Алтын адамды ханзада көтеріп, Ел таңбамызға тәжінен тәбәрік алдық. Бұл тәуелсіздігіміздің бір жылдығы – мемлекеттігіміздің 2501 жылдығы мәнді ұғымы бар жаңалық. Мен бәз-баяғы қалпымдамын. Аудандық «Еңбек жалыны» газетінің редакторы Хайролла Ахметжанов ұжымымен ым-жымымыз жарасқан кез. Кезекті бір отырысымызда Алтын адамымыздың әлемді шарлап жүріп, кіндік қаны тамған, ер жетіп өскен, қастерлеп қойылған атажұрты

Есікте болмағанын өкінішпен әңгіме еттік. Амалын тауып алып келуді ұйғардық. Сөйтіп, экспедиция уақытша жалдаған үйдің ең үлкен бір бөлмесінен көрме аштық. Оның негізгі жәдігері Алтын адам болды. Сондағы асыл мұрасын арасына алып, емін-еркін қауышқанқарды көрсеңіз ғой! Мен оны айтып та, жазып та жеткізе алмаймын. Екі айдың ішінде қалың үш альбом тілек, ниет, ықыласқа лық толды. Олардың дені –  «Асыл мұрамыз арамызда қалса», «Ауданымызда мұражай ашылса» –  дейтін тілектерге саятын.

1992 жыл. 13 тамыз. Көрмеміздің ашылғанына айдың жүзі тола қоймаған шақ. Келушілерге қызмет көрсетіп жүргендер Ерлан, Динара Ахметжановтар мен Айгүл Ғабсаттарова сынды жасөспірімдер болатын. Түске таман сайлағанымызға жарты жылдан енді асқан тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді. Қасында қонағы – Нью-Йорктың Федералдық қосалқы банксының пре-зиденті Джеральд Корриген, Премьер – министр С.Терещенко, Алматы облысының әкімі А.Есімов бар.  Кеңестер кезінде осындай лауазымдағылар осылай келетінін көрмек түгіл ойлаудың жөні жоқ болатын. Тіптен, аудандық дәрежедегі партия мен совет басшыларының табалдырығын аттап көрмеппін...

Көрмеміздегі көне бұйымдардың қыр-сыры Алтын адамның әлеуметтік астары, ата мұраларды тарихи  тану жолдары, мемлекеттік рәміздер жайлы өзара пікір алысқандай әсерде болдым. Елбасының сондағы сөз тыңдау мәнерін, сұрақ-сауалдарының мәндеріне куә болғандар осы уақытқа дейін айтып жүреді.

Шығарда ризашылығын жазба тү-рінде қалдырды. Ерлан мен Динара жаңа альбом ұсынды. Бірінші бетін ашып Хайролла ұстап тұрған альбомға қолтаңбасын қалдырды:

Сыртқа шыққанда қажеттілігімізді бізден өзі сұрады. Сондағы менің қалағаным – Есік қаласында Облыстық өлкетану мұражайының болуы еді. Сұрағанымыз алты-ақ айдан кейін, 1993 жылдың ақпанында орындалды. Шектелген мерзімдегі қызметте жүрген экспедиция мүшелерінің бірі – директор, бірі – бас бухгалтер, бірі – қор сақтаушы, бірі – ғылыми қызметкер ретінде штаттық кестеге кірді. Ертегідей көрінсе де бұл – шындық. Жеке басымның тәу-елсіздікті тануымның бастауы осы оқиға болды.

1998 жыл. «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы». Есіктегі «Балалар мен жасөспірімдердің Алматы облыстық экскурсия және туристік орталығы», археология үйірмесі мен кішігірім болса да өлкетану мұражайы жұмыс істей бастады.

1999 жыл. «Ұрпақтар сабақтастығы жылы». «Алтын адам» ұрпақтар сабақ-тастығы ассоциациясын құрдық. Құ-рылтайшылары ауданымыздың оқу орындары, мәдени және өндірістік ұжымдары. Атқарушылары ұлдарым Арман мен Мирас, әріптес шәкіртім – Самат Момын. Есік обаларының шеткі үшеуіне елді ішіне кіргізетіндей күйге келтірдік, жол жүргізіп екі қара үй тіктік. Бірін – мұражайға ыңғайластырдық. Екіншісінде – жатын орын. Бастапқыда біртіндеп, содан кейін – ондаған, ақы-рында жүздеген келушілер болды. Жылдар жылжып осылай өтіп жатты. Талабымыз таудай – Есік қорымдарын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру.

2005 жыл. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды.Оның археологиялық жәдігерлерге арналған бөлімінде біздің Есік қо-рымдары мен Рахат, Өрікті қала жұрт-тары қамтылған. Бағдарламаның түпкі мақсаты археологиялық ата мұраларды бұрынғыдай ғылым білім үшін ғана емес мұражайлық және туристік бағыттарда пайдалану. Туралап айтқанда, байырғы бабалар мұраларын бүгінгі мұрагерлеріне олардың орналасқан орындарында таныстыру. Қысқасы, біздің бастамамызбен астарлас. Бұрынғы әрекеттерімізді жалғас-тырып жүрген бізге бұл бағдарлама –  Үкіметтің тек бізді қолдағанындай көрінгенін мойындаймыз.

2011 жыл. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Алтын киімді адам-мемле-кеттік  нышанымыз.

Ол бұрынғыдай «Есік сарбазы» емес, «Шошақ тәжі». Бүгінгі мемлеке-тіміз 2500 жыл бұрынғы мемлекеттік бірлестіктің жалғасы, мұрагері...

Сақ бабаларымыз жатқан қасиетті қорым – бүгінгі ұрпақтарының  тәу ете келіп тұратын ғибадатханасы, қорығы болды...

Тағы да – Тәубә! Ниеттеріңіз қабыл болсын!    

 

 Бекет НҰРМҰХАНБЕТОВ.

«Есік» мемлекеттік

тарихи-мәдени

қорық-мұражайының жетекші ғылыми қызметкері.

«Мәдени мұра»  Мемлекетттік бағдарлама кітап сериясы.

«Есік» жинағындағы «Көз көргеннен» мақаласынан үзінді.

Оқылды 24 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді.…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…
Маус 24, 2025

Распоряжением акима Алматинской…

Бакытнур Бакытулы родился в 1986 году, имеет высшее образование. В 2008 году окончил…
Маус 24, 2025

По поручению Президента Олжас…

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Астане в рамках объявленной недели…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет