Бейсенбі, 26 Маусым 2025 13:22

Ақпарат айдынында

28 маусым күні елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Елдің даму жолында

бұл саланың атқарар маңызы мен қадір-қасиетін –

бірі белсе, бірі білмес. Ақпараттың анықтығына көз жеткізіп, халыққа боямасыз мәлімет беріп, елдік мәселелер мен бұхараның мұң-мұқтажын жеткізуші қауымның еңбегі қашан да зор. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деген сөзі бар. Алаш қайраткері Міржақып

Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы мықты» депті. Осы орайда 95 жылдық тарихы

бар «Еңбекшіқазақ» газеті жүрісінен жаңылмай, жауапкершілікке толы міндетін абыроймен атқарып келеді.

Кәсіби мерекеміздің қарсаңында ұжымдастарымызды

әңгімеге тартып, сыр-сұхбат құрып, газетімізге

жариялағанды жөн көрдік. «Еңбекшіқазақ» газетінің бас  редакторы, Қазақстанның құрметті журналисі,

Хайролла Ахметжанов:

– Құрметті Хайролла Қасымұлы тарихы терең ауданымыздағы баспасөзге келген уақытыңыз бен ұжымдағы ұйымшылдықтың маңызына тоқталсаңыз?

 

– Мен «Еңбекшіқазақ» газетіне қызмет бабымен 1988 жылы келдім. Негізінен 1973 жылдан бастап журналистика саласында қызмет атқарып жүрмін.

«Кемедегінің жаны бір»  деген атам қазақ. Бір қызметкеріміз салғырттық танытып, шала жұмыс атқарса «кемеміз» яғни газетіміз суға батып кетпесе де қайраңдап қалады. Қызметкерлермен түсінісіп жұмыс істеу сыры – әр қайсының қабілетін ескеруде, артықшылығын арттырып, кемшілігін кешіктірмей батыл жоюда.

 

– Журналистік мамандықты жаны сүйетін жастар көп. Осы орайда жас жеткіншектер мен жас мамандарға еңбек ардагері ретінде кеңесіңіз?

 

– «Диплом алдым, болдым-толдым» деме. Ғасыр ғұмыр кеш, ғасыр оқы, білімің мен біліктілігіңді шыңдай біл. Тәжірибелі әріптестеріңді тыңдай біл.

 

Бас редактордың орынбасары, тілші Ринат Нарханов:

 

– Ринат Жолдасбайұлы жуырда газет орынбасары болып тағайын-далдыңыз. Жұмыс барысындағы өзгерістер туралы баян етсеңіз?

– Иә, қызметіммен бірге жұмыстағы жауапкершілігім де жоғарылады. Бұ-рын тапсырылған мақаланы өткізіп, қауырт шаруаға белсене араласпайтынмын. Қазір газеттің бірінші бетінен соңғы бетіне дейін жауаптымын. Газетке шығатын барлық дүниені тексеру, грамматикалық қателіктерді жөндеу, дұрыс жазылмаған мақалаларды қайта өңдеу сынды жауапты жұмыстар мойынымда. Бос уақытың да бола бермейді екен. Бірақ, қарбалас жұмыспен шұғыл-дану, бос уақыттың болмауы маған ұнады. Ұжымдастарымыздың қолдауы-мен, жаймен бейімделіп келемін. Және бұрынғы орынбасар қызметіндегі аза-маттардың қадірін түсіндім.  

 

– Журналистика саласында ұстаз тұтатын жандарыңыз бар ма?

 

– Менің бұл саладағы ұстаздарым – Хайролла Ахметжанов бастаған әріптестерім. Басшымыздан көп нәрсе үйрендім, әрі қолдау көрдім. Сонымен қатар бұрынғы орынбасар қызметін атқарған Қайнар Жұмағожа, Сардар-бек Нұрадин, Ерзат Асыл есімді кәсіби мамандардан көп кеңес алып, мақала жазудың қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинадым. Ол жігіттер қазір үлкен қызметтерде жүр. Өзге де әріптесте-рімнен кеңес сұрауды ұят санамаймын. 2017 жылы алғаш жұмысқа келген соң, ақын-жазушылардың кітабын, әлеуметтік желідегі жазбаларын оқып қана қоймай, сөздік құрылымына да мән беретін болдым. Ол да кәсібилігіңді шыңдауға жәрдем береді. Негізінде журналистердің үлкенінен де, кішісінен де үйренетін дүние табылады.

 

Саналы ғұмырын журналистика саласына арнап, жемісті еңбек еткен, зейнет жасында болса да әлі де қаламының қуаты таймай, кәсібін жалғастырып

жүрген ақын

Анарбек Бердібаев ағамыз:

 

– Құрметті Анарбек Мөкішұлы журналистика саласына қалай кел-геніңізді баяндап берсеңіз?

 

– Мен бала күнімнен кітап пен жазу-ға құмар болып өстім. Сол себепті де журналистік мамандық мені қатты қызықтырды. Әуелі бұрынғы Шелек аудандық «Еңбек туы – Әмгәк туғи» газетінде алғашқы туындым жарық көрді. Сол кезден бастап аталған газетке мақалаларым, өлеңдерім жиі жарияланып тұрды. Кейін сол кездегі С.М.Киров атындағы қазақ ұлттық университетіне оқуға түсіп, 1984 жылдан бастап қызмет істеп, мол тәжірибе жинадым.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында ел басына экономикалық қиындық тап келгенде, Шелек ауданы Еңбекшіқазақ ауданына қосылды. Мен сол ауданның «Еңбекшіқазақ» газетіне Шелек өңірлік тілшісі болып қа-былданып, бүгінге дейін жұмыс істеп келемін.

 

– Журналистика мамандығы бойынша тәжірибеңізге сүйене отырып, түйгеніңіз бен білгеніңізді бө-ліссеңіз?

 

– Журналист – қиын да қызықты мамандық. Қиын болатыны – қай саладан мақала жазу керек болса, сол саланың қызметкеріндей мамандығының қыр-сырын, жетік білу маңызды. Сонымен қатар демалыс күндері де жиі жұмысқа шығуға тура келеді.  Мақаланы дер кезінде, уақытынан кешіктірмей, жылдам жазу міндетті. Қашан да жыл-дамдықты, іскерлікті, білімділікті, ұқып-тылықты, нақты деректілікті білуді талап етеді. Қызығы сол – елде болып жатқан жаңалықтарды, түрлі оқиғаларды оқырман қауымға жеткізіп, жағдайдың нақтылығына көз жеткізу.  Жақсылардың жақсылығын айтып жадырату, жат қылықтардан қашықтату. Елдің өзекті мәселелерін көтеріп, оның оң шешімін табуға  себепкер болып, сауабын алу. Сондықтан болар марқұм жазушы Шерхан Мұртаза: «Журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» – деп, дөп басып айтқаны. Шынында да солай ғой.

 

– Бүгінгі таңда адамдардың шынайы білім көзі болып есептелетін кітап пен газеттен алшақтап қалғаны мәлім. Дамыған техноло-гияның алдында адам баласы қау-һарсыз болып тұр. Бұл орайда қандай пікір білдіресіз?

 

– Сұрағыңыз орынды. Қазіргі уақытта газеттерге жазылу журналистерді жарытпай келеді. «Оған нарық кінәлі, жұртың жағдайы нашар»  – деуге тағы келмейді. Нарықтық қатынаспен бая-ғыдан күн кешіп келе жатқан, жаңа технологиясы  жан-жақты  жетілген  Америка, Жапония сынды елдердің халқы газеттерден бас алмайды екен. Әр нөмірін ізеп жүріп оқиды. Неге? Өйткені олар өздеріне нақты, керекті нәрсесін баспасөзден іздейді. Ал бізде, Қазақстанда ше?  Жаңалықты баспасөз беттерінен оқығаннан гөрі, әлеуметтік желіден  көз жүгіртіп, нақты емес жел сөздерге желпініп жүруге бейім болып кеттік. Қаптаған басқа басылымдар тұрмақ, аудандық, облыстық, республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерін алып оқуға бір жылға 10 мың теңгесін қимайды. Өйткені, немқұрай-лылық  басым. Ал ұялы телефонының тарифіне ай сайын 10 мыңдай ақшасы кетеді ғой.  Нарықтан тарыққан жандар өйтіп, бекерге ақша шашпас болар.

Ауа, су, қуат көздері адам үшін қаншалықты маңызды болса, газет те соншалықты мәнге ие. Журналис-тер қауымы, қоғамдағы түрлі ағымға  еріп, жоқтан өзгені жазатын, байыбы жоқ жандар емес. Керісінше жиған ақпараттың  шынайылығымен, оны таратуымен, қоғамның құлағы, көзі болып, өркендеу жолында дамытуға, сананы өзгертуге, ойды өрлетуге жетелейтін көшбасшы тұлға. Осы қасиеттерімен де журналистер  халықты тура жолға бастайтын «төртінші билік» болып саналады. Өйткені, журналист – шындықтың семсері.

 

«Еңбекшіқазақ» 

редакциясының есепшісі

Раушан Тасыбаева:

 

– Құрметті Раушан Байдәулет-қызы бүгінгі күн сіздің де кәсіби мерекеңіз. Осы орайда шығармашы-лық адамдарымен қызметтес болу-дың қызығына тоқталсаңыз?

 

– Көп жылдан бері редакциямызда есепші болып қызмет атқарып келемін. Шығармашылық адамдарымен жұмыс жасаудың қызық тұсы көп. Олар қарапайым адамдарға қарағанда – жан дүниесінің тазалығымен, ойлау қабілетінің кеңдігімен, әзіл мен салмақты әңгімелерге жақындығымен ерекшеленеді. Редакция өзіміздің жанұямыз секілді. Мұндағы жайлы көңіл-күй, ұжымның ауызбіршілігі, сый-ластығымыздың өміршеңдігі – жанға қуаныш сыйлайды.

 

Газетіміздің

дизайнер-беттеушісі

Индира Токмурзаева:

 

– Құрметті Индира Болатқызы тарихы терең газетімізде біраз жыл бойы қажырлы қызмет атқа-рып жүргеніңіз бізге таныс. Дегенменде редакциямызға жұмысқа қалай келгеніңізді еске алсақ?

 

– Мен 2006 жылы «Еңбекшіқазақ» газетіне дизайнер-беттеуші болып жұмысқа орналастым. Бүгінге дейін аталған қызметімді жасап келемін. Ұжы-мымызбен еске алатын қилы да қызықты сәттеріміз көп. Үлкен тұлғалармен, журналистика саласының ардагерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен қызметтес болдық. Өзіме ұжымымыздың ұйым-шылдығы, жайлылығы ұнайды.

Редакциямыз көптеген азаматтың өсіп-өркендеу жолында алғашқы бас-палдақ болды. Бүгінде биік белестерді бағындырған әріптестеріміз «Еңбекші-қазақ» газетін «қара шаңырағымыз» – деп сыйлап, құрметтерін танытып жүреді.

 

Газетіміздің

дизайнер-беттеушісі

Ботакөз Әбішева:

 

– Дизайнер-беттеушінің міндетері мен қиындықтарын сізден сұрасақ?

 

– Мен 2014 жылдан бері редакциямызда жұмыс жасап келемін. Біздің негізгі міндетіміз – ақпараттарды маңыз-дылығы бойынша ретімен орналас-тыру. Газеттің барлық өрнектері мен безендіру жұмыстарына жауаптымыз. Қиындықтарына келетін болсақ – көп жағдайда материалдар сыймай жатады, сол кезде асқан мұқияттылықпен қиыннан қиыстырып амалын табу қажет болады. Газет бетінде оқырман назарын бұру үшін – жақсы суреттер мен тақырыпқа сай мағыналы кескіндер болуы тиіс. Сол себепті де біздің міндетіміз қашан да тыңғылықты жұмыс жасауды талап етеді.

 

Газетіміздің тілшісі,

жас маман

Жанерке Сатыбалды:

– Сіздің алғашқы еңбек жолыңыз ауданымыздың алып баспасөзінен басталып жатыр. Осы орайда өзі-ңізді таныстырып өтсеңіз?

– Мен Есік қаласында туып-өстім. 2020 жылы Абылай хан атындағы орта мектепті үздік аяқтадым. 2020-2024 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің, журналистика факультетін тәмамдадым. Университет қабырғасында жүріп, өз мамандығыма деген құштарлығым кү-шейе түсті. Еңбек жолымды  «Еңбек-шіқазақ» газетінен бастағаныма қуана-мын. Жұмысқа орналасқаныма жарты жыл уақыт өтті. Редакцияда қызмет жасап, тәжірибе жинау мен үшін – мәртебе.

Журналист – қоғамның айнасы деп білемін. Жауапкершілік пен жан-жақ-тылықты, қырағылықты талап ететін мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. "Журналист боламын» деген арман 4 сынып оқып жүргенімде, теледидардан қолына микрофон ұстап, әлемді аралап, жаңалық жаршысына айналған білікті журналист Гүлмира Дайрабаеваны көргенде пайда болды. Енді міне араға жылдар салып, бала арманыма қол жеткізу бұйырған екен.

Редакцияда қызмет еткеніме көп болмағанымен, мен өзіме керек, өмірі-ме азық болар тәжірибе жинап, ой түйдім. Қоғамда орын алып жатқан түрлі мәселелерге байланысты мақалалар жазып, одан бөлек өзім қозғағым келген өзекті тақырыптардан да сыр шертіп, қаламымды ұштаудамын. Түсінгенім, журналист болу – ол бір уақытта кез келген маман иесі болуға дайын бола білу. Себебі сен сұхбат берушіні толық түсіну үшін, сол адамның орнына өзіңді қоя білу керексің. Бұл әрине көпжылдық тәжірибемен келетін кәсібилік.

 

– Жас буын өкілі болғандықтан, ұялы телефонға телмірген ұрпақ жайлы пікіріңіз?

 

– Расында қазіргі қоғамның өзекті дертінің бірі – смартфон болып тұр. Бар назарды өзіне аударған ұялы телефонның салдарынан – бұрынғыдай кітап, газет-журнал оқитындар саны азайды. Бұл – ауқымды мәселемен күресу үшін біршама жобалар атқа-рылуда. Себебі кітап оқымау – сауат-сыздыққа әкеледі.

Меніңше, бұл  тұста әр адамның құндылықтары маңызды. Кітап, газет-журнал – әрқашан білм мен ақпарат көзі болып қала береді. Себебі смартфондағы ақпаратты ұзақ мерзімде есте сақтай алмайсың. Ал газеттен оқыған мақала  есіңде қалары анық. Өйткені адамның болмысы, тек қолға ұстап, көре алатын дүниені тез есте сақтайтынын, әлем ғалымдарының зерттеулерінен байқауға болады. Оның үстіне ұзақ уақыт смартфонға телміру адамның физилогиясынан бөлек, менталды жағдайына кері әсерін тигізеді. Депрессияға шалдығып, өмірі сұр түске боялып жүргендердің дерті де осы смартфонның салдары. Ал салыс-тырмалы түрде кітаптан келетін зиян жоқ екені айтпаса да белгілі. Сол үшін адам газетті таңдай ма, смартфонды таңдай ма – ол өзінің шешімі. Тек кітапты көп оқыған адам – терең ойлы әрі зерек болатынын ұмытпаған жөн.

 

 

Оқылды 25 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Көз көрген Начало было в 30-х продолжение в 90-х… »

Соңғы жаңалықтар

Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…
Маус 26, 2025

Көз көрген

1992 жылы Тәуелсіздігімізге жыл толды. Өзіміздің Ата заңымыз, Ел басымыз, Мемлекеттік…
Маус 26, 2025

Мемлекеттік қызмет – мәртебелі…

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен…
Маус 26, 2025

МВД: Пранки не повод нарушать закон

Министерство внутренних дел обратилось к "пранкерам", передает Polisia.kz. - Уважаемые…
Маус 26, 2025

ІІМ: Пранктар заң бұзуға себеп емес

Ішкі істер министрлігі пранк ұйымдастырып, контент жасайтын азаматтарға үндеу жасады, -…
Маус 25, 2025

Жазғы шомылу маусымы: жағажайлардың…

Алматы облысында жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарының…
Маус 24, 2025

Алматы облысы әкімінің өкімімен…

Бақытнұр Бақытұлы 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Нархоз университетін…
Маус 24, 2025

Распоряжением акима Алматинской…

Бакытнур Бакытулы родился в 1986 году, имеет высшее образование. В 2008 году окончил…
Маус 24, 2025

По поручению Президента Олжас…

По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева в Астане в рамках объявленной недели…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет