Бейсенбі, 31 Шілде 2025 09:41

«Мектепке жол»: Алматы облысында 60 мың балаға көмек көрсетіледі

2025-2026 жаңа оқу жылы қарсаңында республика бойынша дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы білім басқармасының бөлім басшысы Айжан Ізбасар мәлімдеді.


Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Мақсаты – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық барысында қолдау көрсету.
– Биыл жалпыға міндетті білім беру қорынан 60 948 балаға 2,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Әр балаға 46 228 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Бұл – соңғы үш жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық көрсеткіш. Тамыз айының 20-сына дейін барлық қаражат ата-аналардың шотына аударылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен еріктілер тарапынан да қолдау көрсетілуде, – деді спикер.
Мемлекеттік көмектен бөлек, акция аясында қайырымдылық жәрмеңкелері, демеушілер есебінен киім-кешек пен оқу құралдарын тарату шаралары ұйымдастырылуда. Жергілікті кәсіпкерлер мен меценаттар бұл бастамаға белсене атсалысып отыр.
2024 жылы бюджеттен тыс қорлар есебінен 20 250 балаға көмек көрсетілсе, өткен жылы 56 974 оқушыға 2,4 млрд теңге бөлінген. Биыл бұл көрсеткіш 60 948 балаға жетіп отыр.
«Мектепке жол» акциясы – тек материалдық қолдау ғана емес, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, балалардың білім алу құқығын қамтамасыз етудің нақты қадамы.

Оқылды 289 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет