Бейсенбі, 31 Шілде 2025 09:47

Алматы облысында 6 айда 93 млрд теңгеден астам қаржыға аудит жүргізілді

Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясы 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында жалпы сомасы 93,7 млрд теңгеден астам қаражатты қамтыған 5 тиімділік аудиті жүргізіп, 63 объектіні тексерді. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тексеру комиссиясының мүшелері Қуаныш Есенаманов пен Ерік Бақытов мәлімдеді.

Аудит нәтижесінде жалпы 8,4 млрд теңгеден астам сомаға бұзушылықтар анықталды. Бұл аудитпен қамтылған қаражаттың 9,1%-ын құрайды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 8,2%-ға артқан.

– Негізгі бұзушылықтар қаржылық есеп жүргізу мен бюджет қаражатын пайдалану тәртібін сақтамауға қатысты болып отыр. Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 3,2 млрд теңге. Оның ішінде 78,9 млн теңге бюджетке өтелуге тиіс, қалған бөлігі бухгалтерлік есепте қалпына келтірілуі қажет. Бұл – есеп жүргізудегі салақтық пен бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді, – деді Қуаныш Есенаманов.

Сонымен қатар, аудит барысында 308,7 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Ал 4,8 млрд теңге тиімсіз жоспарланған. Бұл, негізінен, бюджеттік өтінімдердің дәлелсіз жасалуы мен есептердегі ақпараттың дұрыс ұсынылмауынан туындаған.

– Мемлекеттік мүлікті тиімді басқару қағидаттары сақталмаған. Автокөлік сатып алу, теңгерімге тіркелмеген объектілерге шығын жұмсау және орындалмаған жұмыстар үшін мердігерлерге төлем жасау фактілері бар. Бұл бюджеттік тәртіптің әлсіздігін аңғартады, – деді Ерік Бақытов.

Тексеру барысында 111 процедуралық бұзушылық пен 5 жүйелі кемшілік тіркелді. Мемлекеттік аудит объектілеріне 49 міндетті тапсырма және 2 ұсыным жіберілді. Бүгінгі күнге дейін 16 тапсырма орындалған, қалғандарының мерзімі әлі жетпеген.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 41 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 140 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бюджетке 14,4 млн теңге айыппұл өндірілді.

Оқылды 304 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет