Бейсенбі, 31 Шілде 2025 15:10

Адал еңбек – адамдықтың нышаны

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған еді. Шын мәнінде қарапайым жұмысшылардың еңбегі еленіп, құрметі артып жатқаны

шамалы болатын. Осы орайда мемлекет басшысының жарлығы, еңбек адамдарының қоғамдағы маңыздылығы мен ел дамуына жариясыз жәрдем беріп жатқанын еске салды. Қазақтың бүгіні мен ертеңіне ұдайы алаңдаушылық танытып жүрген, белгілі

журналист Қасым Аманжолұлы бір сұхбатында «Мен үшін бүгінгі қиын-қыстау заманда, ауыр жұмыс істеп, арын сатпай, жанұясын адал аспен асырап жүрген адам – нағыз батыр» –

дегені бар. Шынында бұл заманның батыры – жағымпаздықпен күнелтіп жүретін, мәнсапқұмар емес, әнші боп атасын танымайтын жұлдыздар емес, қулық-сұмдықпен байыған жандар емес, тіпті мемлекеттің ақшасына күн кешіп, жарыстарда топ жарған спортшы да емес. Бүгінгінің батыры – ақ арына дақ түсірмей, бала-шағасы үшін барлық қара

жұмыс пен ауыртпашылыққа шыдас беріп келе жатқан жандар. Осы орайда Талдыбұлақ ауылының тұрғыны, Түрген ауылындағы  «GRAND ROYAL» мейрамханасының еден жуушысы Бағдагүл Елеукешова әңгімемізге арқау болмақ.

1983 жылдың тумасы Бағдагүл Орынбасарқызы өмірдің қиындығын бір адамдай көріп келе жатқан жан. 17 жасында Талдыбұлақ ауылына келін болып түсіп, жұбайымен тату тәтті ғұмыр кешіп, бір ұл сүйеді. Алайда жан-жары аты жаман ауруға шалдығып, өмірінің соңғы жылдарында төсек тартып қалады. Отбасының асыраушысы болған азамат айықпас кеселінің кесірінен 2021 жылы өмірден озады. Күйеуінен ерте жесір қалған Бағдагүл ханым көзіне жас алып, сол кезеңдерді есіне алады.

«Марқұм күйеуім өмірден өтер ша-ғында бірнеше ай төсек тартып қалады. Қабақ шытпай, көңілін аулап, барлық күтімін өзім жасадым. Ақтық сапарына аттандырар сәтте көргенімнен хабары бар ауылдастар, мені екінің бірі төзбейтін қиындықты еңсеріп, ерлік жасағанымды, күйеуімді қалай қарағанымды үлгі етіп айтып, алғыстарын білдірді. Жолдасым кеткен соң, жалғыз ұлым екеуміз көп қиындық көрдік. Нансыз, шайсыз қалған күндеріміз де болды», – деп қиындықта қараспаған ағайын-туғанына да көңілі толмайтынын байқатты.

4 жылға жуық уақыт «GRAND ROYAL» мейрамханасында жұмыс істеп жүрген жалғызбасты ана, мейрамхана иесі Ләззат Өмірханқызына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бағдагүлдің тұр-мыстық жағдайын ескерген басшы үнемі қолдан келген көмегін көрсетіп, қолдап келеді екен.

«Мен осы мейрамханада жұмыс істеп, табыс тауып жүргеніме шүкір етемін. Еден жуып, әжетхана тазаласам да жұмысымнан намыстанған емеспін. Себебі арым таза. Бастысы өмірімнің жалғыз мәні – ұлымды өсіру үшін, адал ақша тауып жүрмін. Биыл 9 сыныпқа қадам басқан балам Сырым – білімді, жақсы азамат болып жетілсе екен деген арманым бар. Ол да жастайынан менің халімді түсініп, ерте есейді, ерте еңбекке араласты. Жұмыстан үйге барғанымда үнемі шай-тамағыма дейін дайындап, менің қамымды ойлап жүреді», – дейді.

Тағдыр тауқыметіне мойымай, қиын-дыққа қайсарлық танытып, адал еңбекті – адамдық борыш санаған Бағдагүл Орынбасарқызын – қазіргі замандағы қазақтың батыр қыздарының бірі деп айтуға толықтай негіз бар. Үкілеген үмітінің тілеуін тілеп, кейінгіге үлгі боларлық табандылық танытып жүрген Бағдагүлдей жандар айналамызда аз емес. Ондай жандар қандай қиындық туса да өзіне өзгеден аяушылық танытуды күтпейді. Қолын жайып ешкімнен ешнәрсе сұрамайды. Тек өзінің ақылы мен қайратына сеніп, кез-келген тығырықтан шығып, даңғыл жолына түседі, арманына жетеді. Қайсар мінез, еңбекқор жандарды бағалау – барша-мыздың міндетіміз.

Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 303 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Дети в ночном городе» Жүрек қалаған мамандық »

Соңғы жаңалықтар

Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Көміртегі тотығымен уланудың алдын…

Көміртегі тотығы – ол өзіне тән иісі мен дәмі жоқ улы газ, оның қауіптілігі де осыған…
Қар 03, 2025

Құс етіне қойылатын негізгі талаптар

Құс еті-жеңіл сіңімді, диеталық және тұрғындар арасында кең сұранысқа ие өнім болып…
Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет