Бейсенбі, 31 Шілде 2025 15:24

Жүрек қалаған мамандық

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп

жариялады.  Сол мамандықтардың бірі – тігіншілік өнері.  Тігіншілік – тек жұмыс емес, талғам мен шеберлікті ұштастыратын шығармашылық мамандық десек болады. Осы тігіншілікпен

25 жыл айналысып келе жатқан, қазіргі таңда  Есік қаласындағы Тоғжан

базарында жұмыс істейтін Үзілдік Разапова,  осы салаға қалай келгені жайлы және өзінің отбасы

туралы сұхбат барысында мәлімдеп берді. 

Ашық, жарқын, жүзінен жылулық төгіліп тұрған Үзілдік Разапова 1970 жылы 7 қыркүйекте дүниеге келген. Осы салаға 15 жасынан бастап қызығу-шылығы пайда бола бастаған. Айтуынша, бұл өнер нағашы әжесінен дарыған көрінеді. Бұл мамандықтың оқуын тәмамдамаса да, өзінің құлшы-нысының, талпынысының арқасында үйреніп, меңгеріп алған.

Қазіргі таңда Үзілдік ханымның 3 ұл, 1 қызы және немерелері бар. Жолдасы тракторшы. Осындай екі түрлі салада еңбек ететін кісілердің жұмыстары туралы білу өте қызық болды.

Оқушы кезінде өзіне ақ жейде тігіп алып, оны мектепте оқушылар байқап,  сыныптас қыздарынан тапсырыс түскен екен. Алғашқы тапсырысы осылай қабылданған Үзілдік ханымның жүзінен жылы естелікті есіне түсіргеніне, іштей қуанғанын байқадық. 19 жыл бастауыш сыныпқа сабақ беріп жүріп, тігіншілікті қатар алып жүрген Үзілдік ханым, басында бұны хоббиі ретінде қараса, кейін жанына бәрібір де осы тігіншілік мамандығы жақын екенін түсінгендей.

Сұхбат барысында «Табыс көзі қалай, тапқан табысыңыз сізді қанағат-тандыра ма?» деген сұраққа Үзілдік Разапова: «Демалыссыз, таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін тынбай жұмыс істеймін. Керек-жарақтарды Алматы қаласынан алып келіп тұрамын. Кіші кәсіпкерлікке жеңілдік болса жақсы болушы еді, тігін машинасы мен үтіктің өзі қазір қымбат. Тапқан табысымның біраз бөлігі жалға алып отырған орныма және тігінге қажет заттарға кетеді», – дейді.  

Осындай әр мамандықтың өз қыр-сыры бар. Қай салада болмасын адал еңбек пен кәсіби біліктілік маңызды. Президенттің жұмысшы мамандық иелерін дәріптеуі – ел дамуындағы бас-ты құндылықтардың бірі. Бұл ең алдымен – еңбек адамына деген құрметтің айқын көрінісі деуге болады.    

 

              Аяжан ҒАЗИЗҚЫЗЫ.

Оқылды 363 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет