Конституцияның 30 жылдығы
Белгілі бір терреториясы шекарасы, рәміздәрі, ұлты бар, жалпы халық тұратын жер бөлігін мемлекет деп атайды. Ал мемлекетті белгілі бір заң ережелерімен басқару міндеттелген. Ондай елде заңдар ережелерінің жиынтығы Ата заңы яғни Конституциясы болады. Конституция қазіргі заманғы мемлекеттіліктің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады.
Конституция – тәуелсіз елі-міздің берік іргетасы, азамат-тығымыздың айшықты айғағы. Қасым ханның қасқа жолынан, Есім ханның ескі жолынан, Әз-Тәукенің «жеті Жарғысынан» бастау алып, жалпы демокра-тиялық принциптерге негіздел-ген Ата Заңымызға биыл 30 жыл толады. Бұл өткен кезең-нен келешекке нақты жоспарлар құратын маңызды шақ. Негізгі Заң әрбір азаматтың құқықтарын қорғауға, заң үс-темдігін қамтамасыз етуге және мемлекетті одан әрі нығайтуға бағытталған негізгі құжат.
Қазақ халқының хандық дәуірдегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы 1511-1523 жылдары Қасым хан хандық құрған кезде басқару ісіне қолданылған. Ол – Қасым-ханның қасқа жолы деп аталды. Негізін Орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «Ярғу» қазақша – жарғы, қақиқат деген ұғымды білдіретін заңнан алынған. Қасым хан қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді. Тіпті шариғат қағидасын мықтап ұс-танған отырықшылар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазақ биліктеріне жүгіне бастады. Бұл жарғы халық арасына ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. Осы заң 1598 – 1645 жылдары Есім хандық құрған тұста «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды.
Ал 1680-1708 жылдары Тәуке хандық құрған кезде бұл заң әлі де шариғат қағи-дасынан арылып, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады. Құба қалмақтың жортуыл шапқыншылығына байланысты тарихи-саяси жағдайдың аса шиеленіскен қиын кезінде сұңғыла ойшыл билер бес тараудан тұратын ежелгі ережелерге тағы да екі тарау қосып, «жеті жарғы» деп атады. Ол – қосылған екі тарау жесір дауы мен күң дауы болатын. Бұл кезде шапқыншылық, кісі өлтіру көп болғандықтан құн дауын да қылмыс заңына айналдыр-ды. Жеті жарғы қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен афоризмдермен, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған.
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық атқару Комитетінің қаулысымен түпкілікті редакцияда қабылданды. Өйт-кені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл негізгі заң басқару нысанын мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бас-таулары белгіленді. Осы Конс-титуцияға сәкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып табылды.
Қазақ КСР Конституциясы 1937 жылдың 26-наурызында Кеңестердің Бүкіл қазақстандық Төтенше Х Сьезінде қабылдан-ды. Бұл Конституция 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Мұн-да «КСРО өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» деп жазылған. Осы Конституцияда еліміздің экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылы екені, Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тиым салу, жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптас-тыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қо-ғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу тағы басқа мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген.
Сонымен қатар сот пен прокуратура жүйесі, сайлау мәселелері де қамтылған. Аза-маттардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған еңбек етуге, демалуға, қартаю, ауру, еңбекке қабілетсіз болса, материалдық көмекті пай-далануға құқылы болды. Ден-саулық сақтау, сөз, баспасөз жиын, митинг, көше шерулері мен демонстацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын жайға, тағы басқа да дербес құқықтар беру қамтылған.
1978 жылы Қазақ КСР Конс-титуциясы ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VІІ сессиясында 20-сәуірде қабылданды. Қазақ КСР-нің бұл Крнституцясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл үкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллегенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.
Қазақстан Республикасы-ның келесі Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол – кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституциямызда Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқық-тық нормалар, атап айтсақ – халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемле-кеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдарын – Жоғарғы Конституциялық және Жоға-ры Арбитраждық соттар және басқалары қамтылды.
Қазіргі Конституция біздің елімізде, Қазақстанның тәуел-сіздігін нығайту мақсатында қабылданды. Ағымдағы Конституция 1995 жылғы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды, және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 99 баптан тұрады.Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екін-ші Конституциясы.
Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұ-нының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енгізілді. Ол бойынша ҚР Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылды. Билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік бас-қару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 жылдың желтоқсан айында екі палаталы – жоғарғы палата – Сенат, төменгі палата – Мәжіліс Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы: І бөлім. Жалпы ережелер. ІІ бөлім. Адам және азамат. ІІІ бөлім Президент. ІV бөлім. Парламент. V бөлім. Үкімет. VІ бөлім Конституциялық сот. VІІ бөлім. Соттар және сот төрелігі. Прокуратура, Адам құқықтары жө-ніндегі уәкіл. VІІІ бөлім. Жер-гілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару. ІХ бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер. Бұдан кейін Конституцияда өзгерістер де енгізілді.
7 қыркүйек 2022 жылы Қазақстанның елордасына бұрынғы Астана атауы қайтарылуына байланысты өзгерістер енгізілді. Президент бұрын бес жылға сайланып және қайта сайлануға болатын болса, енді Президент 7 жыл мерзімге және бір мерзім-ге ғана сайланады, және бұл ереженің енді өзгермейтіні айқындалды. Конституциялық соттың өкілеттілігі 6 жылдан 8 жылға дейін көтеріліп, бір судья тек бір рет тағайындалатыны жазылды.
Қазақстан Республикасы өзінің демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Ата Заң арқылы да бүкіл әлемге танытты. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан президенттік басқару нысанын-дағы біртұтас мемлекет. Қазақ-стан Республикасының Конституциясы егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан заң-намалық акт болды
Қазақстан Ресбубликасын-да идеологиялық және сая-си әр-алуандылық танылды. Мемлекеттік меншік пен же-ке меншік танылып, бірдей қорғалады. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Меншік құқығын халық атынан мемлекет жүзеге асырады. Қазақстанның мемле-кеттік тілі – қазақ тілі. Бірақ мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі мем-лекеттік басқару органдарында орыс тілі мемлекеттік тілмен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағ-дай туғызуға қамқорлық жасайды.
Сондықтан да өз құқығыңды білу, сауатты болу және заң тұрғысынан өзіңді қорғай білу, басқа адамдарға көмектесу үшін Конституцияны білу керек.
Дайындаған
Анарбек МӨКІШҰЛЫ.