Бейсенбі, 14 Тамыз 2025 12:01

Ер еңбегімен еленеді

Адал жолмен табыс табу – адамның беделін көтереді, абыройын асқақтатады. Ондай адам өз еңбегімен, жауапкершілігімен қоғамның дамуына үлес қосып қана қоймай, өзгелерге өнеге болады. Адал адамның жолы қиын болғанымен, оның жүрегі таза, өзіне тапсырылған істі тиянақты атқарады. Сондай азаматтың бірі Ескелді Оразаұлы.

Ескелді – ес білгелі ата-анасының айтқан кеңесін тыңдап, «құйма құлақ» бала болып өскен жан. Қандай жұмыс болса да, оны бітіргенше тыным таппайтын. Қарапайым отбасында өскендіктен болар, жастайынан үй жұмыстарына болысып, әке-шесесіне қолқа-нат болып, ержетті.  Үлкендерді сыйлап, баталарын алып өс-кендіктен болар, көпшіл, қайы-рымдылығымен еліне еленді. Құрметке бөленді.

Ескелді Толымбеков негізі Шымкент өңірінің тумасы. 1997 жылы, қиын-қыстау кезеңде Шелек ауылына отбасымен көшіп келген. Ол кезде жұмыс табу қиынның қиыны, тек өзіңді өзің жұмыспен қамтымасаң, ешкім «келе ғой, міне, саған жұмыс» дейтін заман емес.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аумалы-төкпелі заман болатын. Не істеу керек? Тәуекел деп, отбасылық шаруа қожалық құрды. Сондағы  қара жұмыстың барлық  ауыртпалығы өз мойнында. Ертеден кешке дейін, алқапта күнге қақталып, ауыл шаруашылық дақылдарын өсірді. Кетпен ұстап, егінді суарды, шөп шапты, мал бақты... Қойшы әйтеуір, күн көрістің күйбеңімен, күнделікті нәпақасын, маңдай терін төгіп, адал еңбегімен табыс тапты.

2000 жылы ауыл тұрғында-рының малын бақты. Бұрынғы-дай жайылым жер де жоқ. Ертемен жұрттың сиырын алдына салып алып, басқаның жеріне кіріп кетпес үшін, тыным таппай артынан қайырып жүргені. Кешке түгендеп, ауылға айдап әкеледі. Мал жоғалса, басымен жауап береді. Кейде үйге келмей, басқа жаққа ауып кеткен малды іздеп, сабылатын күндерді де бастан кешті. Үш жыл бадашы болып, ертеден кешке дейін мал соңында жүрді.

Одан кейін де «екі қолға, бір күрек» – демекші, қандай  жұмыс болса, сол жерден табылды.  Мал бағып жүргенде, әлде неден үріккен астындағы аттың басы, оң жақ бетіне сарт ете қалғанын біледі. Кейін есін жиып, байқаса, оң жақ бетінің сүйегін сындырып жіберген екен. Сол жерге жақын орналас-қан көз де зақымданған. Ауру-ханаға жатып, бетіне ота жасатты. Бет, көз ақауы айқын білініп тұрғанымен, әйтеуір, бас аман. Үшінші топтағы мүге-дек  болып, есепке алынды...  Алайда, 2010 жылдан бастап, мүгедектіктен де шығып кеткен екен, жағдайына байланысты.

Биыл алтыншы жыл Ескел-ді Оразаұлы Шелек ауылдық округі әкімдігінің ауласын кү-тіп-баптаушы бағбан ретін-де жұмыс істеп жүр. 2019 жылдан бастап, әкімшілікте қоғамдық қызметші ретінде жұмысқа қабылданған екен. Өзімен бірге істейтіндермен көше қоқыстарын тазалап, кө-шеттер отырғызып, басқа да жұмыстарды атқарып жүрді. Кейін тиянақты ісімен еленіп, әкімшілік ғимаратының ауласын күтуші болды. Көгалды, ағаштарды уақытылы суарып, артық бұталарын қиып, қоқыстарды, шабылған шөп-терді жинап, таза ұстайды. Сырттағы дәретхананы дер кезінде тазалап тұру да мойнында. Мұнда қызмет ететін әкімшілік аппаратының, басқа да мекеме қызметкерлері Ес-келдінің жұмысына дән риза болып, жылы лебіздерін  айтып жүреді.  Ия, «Ер еңбегімен еленеді» – деген осы емес пе?

«Әкімшілікке адамдар көп келеді. Сондықтан дәретханаға да барушылар көп. Алайда, әжетін өтегенде тазалықты сақтамайтыны өкінішті. Біздің қоғамда тазалық сақтауға адамдар өте селқос қарайды. Қоқыстарды қалай болса, солай лақтыра салады. Арнайы қоқыс жәшігіне салуға дағдыланбаған ба, әлде жалқаулық па, түсін-беймін», – деп кейде ренжіп,  көкейіндегісін ақтарыла айтатыны да бар.

Ия Ескелді дұрыс айтады. Бізде шынында да тазалық жағынан ұяттымыз. Қоқыс тас-таушылар, оның артынан үкімет тазалап жүруді міндетті деп ойлайтындары да баршылық. Үлкеннен өнеге, кішіден ілтипат болмаса, тәрбие де ақсайды. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» –  демекші, осы мәселені де қолға алуды айтты, Ескелді.

Ескелдіні мен де күнде көремін. Қашан болсын, тыным таппай өз жұмысын мұ-қият істеп жүргені. Жұма күні велосипедіне мініп алып, ме-шітке намаз оқуға барады. Ол кезде де жолығысамыз. Кіре сала, оң жақта тұрған жәшікке тиын-тебенін садақа ретінде салып жататынын көріп, риза боламын. «Менің табатыным аз ғой, екі баламды, әкемді бағуға жетпейді» демейді. Аз да болса, қайырымдылық жасауға барын береді. Әне, ол тағы да мұсылмандық борышын өтеуге асығып барады. Мен де күніне сәттілік тіледім!

 

Анарбек МӨКІШҰЛЫ.

Оқылды 46 рет

Соңғы жаңалықтар

Там 14, 2025

Шағаман батырдың балалық шағы

Бисимилләһир-рахманир-рахим! Асы жайлауының сұлулығына тамсана, таңдана тамашалаған бала…
Там 14, 2025

Ислам ізгілікке үндейді

Қазіргі қоғамда рухани құндылықтардың орны ерекше. Адамзат дамуының барлық кезеңінде дін…
Там 14, 2025

Дистанция длиною в жизнь

Почетный деятель спорта РК, отличник народного просвещения, Почетный гражданин района:…
Там 14, 2025

Талабымен танылған талантты…

Талантты адам қай салада, қай істе де алда. Әрекетінде берекет, нәтиже бар. Жастайынан…
Там 14, 2025

Состоялось техническое совещание…

В Астану для участия в I чемпионате мира по қазақ күресі среди военнослужащих,…
Там 14, 2025

Кто представит Казахстан на…

В Астане в легкоатлетическом комплексе Qazaqstan открылся I чемпионат мира по қазақ…
Там 14, 2025

Астанада әскерилер арасында тұңғыш…

Елордада тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионаты…
Там 14, 2025

Жаңа оқу жылына дайындық:…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Там 14, 2025

Тері лейшманиозының алдын алу

Тері лейшманиозы – трансмиссивті берілу механизмі бар, терінің шектеулі зақымдануымен…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет