Дүйсенбі, 18 Тамыз 2025 15:38

Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланы дамытуға бастар жол.

Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикасының маңызды тірегі. Агросаланың дамуы нақты әрі сенімді статистикалық деректерге сүйенеді. Осы мақсатта елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілуде. Алматы облысындағы санақ барысы туралы ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының облыстық департамент басшысы Бағлан Абайбекұлы Қарғұлов баспасөз мәслихатында баяндады.

Биыл облыста 30 777 ауыл шаруашылығы құрылымы санаққа қатысуы тиіс. Оның ішінде 1 814-і – заңды тұлғалар, ал қалған 28 963-і – шаруа және фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер. Санақ екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – 1-31 тамыз аралығында онлайн форматта, екінші кезең – онлайн тіркелмегендерге интервьюерлердің барып сауалнама жүргізуі.

– «Әзіргі таңда күніне облыс бойынша шамамен 1026 шаруашылықты қамтуымыз керек. Санақтың сапалы әрі уақтылы өтуі әр ауданның белсенділігіне байланысты. Қазір Ұйғыр, Жамбыл және Райымбек аудандары жақсы қарқын көрсетуде», – деді Бағлан Қарғұлов.

Онлайн санақтан өту үшін sanaq.gov.kz сайтына тіркеліп, сауалнаманы толтыру жеткілікті. Онлайн қатыспағандар үшін облыста 151 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті ашылған. Мұнда қажетті техника мен мамандар көмек көрсетеді. Сонымен қатар, сайтта бейненұсқаулықтар мен тәулік бойы жұмыс істейтін «SANAQ мырза» чат-боты қолжетімді.

– «Санақ нәтижелері ауылдағы субсидия бөлу, қойма және техника алу сияқты нақты шешімдерге ықпал етеді. Сондықтан әрбір шаруа, фермер, тіпті үй шаруашылығымен айналысатын тұрғын да бұл науқаннан тыс қалмауы керек», – деді департамент басшысы.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу – елдің агроөнеркәсібін дамытудың берік негізі. Бұл науқанға атсалысу арқылы әр азамат елдің болашағына үлес қосады. Өйткені бүгін жиналған деректер – ертеңгі даму кепілі.

Оқылды 254 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет