Дүйсенбі, 18 Тамыз 2025 15:39

Астанада тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзикл түсірілді «Бақыт құшағында» мюзиклы 23 қазаннан барлық кинотеатрларда

2025 жылдың 23 қазанында қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы аясында жаңа мюзикл фильм экрандарға жол тартпақ. Фильм толығыменкомпозитордың әндерімен шабыттана отырып өндірілген.
Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York FilmAcademy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлыМұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдаукөрсетуде. Бұл режиссердің дебюты. Осыған дейін СанатШапашов үлкен музыкалық тв жобалар арқылы және «Казахи» КВН командасы резиденті ретінде танымал.Фильм түсірілімдері үшін арнайы Голливудтың әйгілікинотуындыларын түсірген инновациялық кинокамера алдырылды.
Фильм бір айдың ішінде толығымен қазақ тілінде жәнеэпизодтар  елорданың көркем жерлерінде түсірілген. «Бақытқұшағында» jukebox мюзиклы үшін бір түсірілім алаңына230ге жуық актер бас қосқан ең үлкен массалық көріністербар. Бұл кадрда бишілер Шәмші Қалдаяқовтың әйгілі әнінеби эпизодтарын орындайды. Сонымен қатар, фильмде 80 адам бірден қатысқан массалық көріністер де түсірілгенболатын. Арнайы хореограф фильмдегі билерді бір ай көлемінде арнайы қойып, дайындықтан өткізді.
Мюзикл қазақ киносы тарихында көрермен үшінмәдени, ақпараттық танымға жол ашатын көркем туындыретінде өз орнын алады деген сенім бар. Бұл картина еліміздегі креативті индустриясының дамуына дәлелболатын туынды.  Фильмде бірнеше жанр мен бірнешешығармашылық креативке орын табылды.
Кинолента  қазіргі қоғамдағы қазақ қыздарының өзектімәселелері, махаббатқа сенім мен адал достық тақырыбынтереңінен аша түседі. Идеологиялық миссия ретінде анағақұрмет, отбасы институтының беріктігі, адал мінез бен шынайы қарым-қатынас тақырыптары да таңдалды.
Басты рольдерде Дәурен Серғазин, 5 жылдық үзілістенкейін үлкен киноға оралған Әлия Әнуарбек, ШахмұратОрдабаев, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, АйнұрИльясова.
 
Фильм өндірісінде еңбек еткендер:
Бас продюсер, режиссер: Санат Шапашов
Сценарий авторлары: Санат Шапашов, Ринат Сүлейменов, Анель Оспанова, Перизат Мырзахмет
Музыкалық продюсерлер: Мұхтар Қалдаяқов, БотагөзҚалдаяқова
Продюсер: Анель Оспанова
Digital продюсер: Айкерім Есенәлі
Қоюшы оператор: Азамат Жаңабеков
Қоюшы суретші: Руслан Оспанов
Хореограф: Уәлитбек Сиязбек
Музыкалық өңдеуші: Никита Карев
 
Анықтама:Джукбокс мюзикл –танымал әндердіпайдаланатын сахналық қойылым немесе музыкалықфильм. Бұл мюзиклдерде белгілі орындаушылардың үлкенрепертуары бар және сюжеттер көбінесе олардың өмірі мен шығармашылығына негізделген немесе мюзикл үшінарнайы жасалған.

Оқылды 326 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет