Сейсенбі, 19 Тамыз 2025 16:31

Алматы облысында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталады

Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы ресми мәлімдеме жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары туралы облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков, «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге мәлімдеді.

Бағдарламаның басты мақсаты — мемлекеттік қызметкерлер мен спортшыларға, сондай-ақ бюджеттік сала мамандарына қолжетімді баспана беру. Бұл — өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

Бағдарлама аясында ипотекалық несиенің максималды сомасы 30 миллион теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлемесі 5%-ды құрайды. Ал бастапқы жарна мөлшері — 10%. Алматы облысында кемінде соңғы 24 ай ресми жұмыс өтілі талап етіледі және өтініш берген кезде меншігінде тұрғын үйдің болмауы міндетті.

«Отбасы банк» акционерлік қоғамының Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Ерболат Едіге бағдарламаның тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. Ол азаматтарды берілген мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

Бағдарлама облыстық бюджеттен 3,146 миллиард теңге, ал «Отбасы банк» тарапынан қосымша 629 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржы 120-дан астам азаматты баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтінім қабылдау басталуы: 2025 жылғы 25 тамыз
• Қабылдау орны: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, «Отбасы банк» ғимараты, 1-қабат
• Жұмыс уақыты:
• Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:00
• Сенбі: 09:00 – 13:00
• Жексенбі — демалыс.

Оқылды 213 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет