Бейсенбі, 21 Тамыз 2025 10:20

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған кең көлемді кездесулер ұйымдастырылды

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында отбасы құндылықтарын дәріптеу” тақырыбында бірқатар маңызды кездесулер өтті. Іс-шаралар аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және “Іле мұрагер” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.

Аталған жоба аясында Есік қаласы, Саймасай, Ават, Бәйтерек және Рахат ауылдық округтерінде өткізілген кездесулерге тұрғындар кеңінен қатысып, отбасылық құндылықтарды сақтау және дамыту мәселелері, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ гендерлік теңдік принциптерін қоғамға кеңінен насихаттау тақырыптары талқыланды.

Сарапшылар ретінде педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, докторант Таипова Зульфия Масимжановна және полиция аға лейтенанты, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес инспекторы Айтуова Медина Есимовна шақырылды. Олар отбасы тәрбиесінің маңыздылығы, ата-ананың балаға деген жауапкершілігі, құқықтық білімнің қажеттілігі, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолдары жөнінде жан-жақты және нақты ақпарат берді.

Кездесулер ашық форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, тәжірибелі мамандардан практикалық кеңестер алды. Бұл мүмкіндік қатысушыларға отбасы ішіндегі түсіністікті арттыруға, құқықтық сауаттылық пен қоғамдық сананы көтеруге септігін тигізді.

Осы шара барысында арнайы ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды. Бұл басылымдар отбасылық өмірде туындайтын түрлі мәселелерді шешуге бағытталған нақты нұсқаулықтарды қамтиды. Құжаттар қоғамдағы зорлық-зомбылықты болдырмау, отбасы құндылықтарын насихаттау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мәселелерін кеңінен түсіндіруде маңызды рөл атқарады.

Аталған кездесулердің өткізілуі аудан тұрғындарының отбасы институтына деген құрметін арттырып, саналы және сауатты ұрпақ тәрбиелеуге деген ұмтылысты күшейтті. Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмір салтын қалыптастыруға, зорлық-зомбылықсыз орта құруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Оқылды 295 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет