Бейсенбі, 21 Тамыз 2025 11:20

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған

Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының ең қалыңы еді.

Бұл полигон табиғатқа,

жан-жануарларға, ең қайғылысы, осы өңірдің халқына сұмдық зор қасірет әкелді. Соның салдарынан өңірдегі барлық тұрғындардың өмірі 2 миллион 400 мың жылға қысқарды. Өйткені бұл

өңірде Хиросимадағыдан

20 есе қуатты бомба жарылды. Алғашқы атом бомбасы

1949 жылдың 29 тамызында

Семей қаласынан 140 шақырым

жерде жарылса, төрт

жылдан кейін

алғашқы сутегі бомбасы

сынағы жүргізілді.

 

Семей полигонында 42 жыл бойы жер үстінде, ауада және жер астында қуатты ядролық жарылыстар өткізіл-гені қазір де баршаға аян. Нақты дерек-терге сүйенсек, 1949-1963 жылдар аралығында 11 рет ауада және 322 рет жер бетінде жарылыс жасалған. 1963 жылдан бастап ядролық сынақ тоқтағанға дейін 343 сынақ жер астында өтті. Осы сынақтар нәтижесінде «атом көлі» пайда болып, ауаға радиоактивті газдар тарады.

Семей полигоны 18,5 шаршы шақырымды алып жатыр. Ол Семей, Қарағанды, Павлодар облыстарының шекарасында орналасқан.  Осы полигон шекарасында ядролық сынақтар өткен бірнеше обьектілер бар.  Олар – тәжі-рибе алаңы «Ш», ТГР реакторының кешені, «Г» сынақ алаңы, «Б» сынақ алаңы, «Байкал – 1» реакторының кешені.

Осы негізгі сынақ обьектілеріне тоқталсақ: біріншісі – «Ж» тәжірбие алаңы.  Мұнда 1949 жылдың 29 тамы-зынан 1962 жылдың 30 желтоқсанына дейін ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Бұл жердің радиа-ция белсенділігінің деңгейі өте жоғары.

Екінші – «ИГР» реакторының кешені. Бұл реактор 1961 жылдан бері қолданыла бастады.

Үшінші – «Тәжірибе алаңы «Г»  («Дегелең») тау ішінде орналасқан. Мұн-да фундаментальдық және қолданбалы физика саласындағы зерттеулер бойынша елеулі көлемде ақпараттар алынған. Бұл алаңда 1961 жылдың 11 қазанынан 1989 жылдың 10 қазанына дейінгі аралықта, барлығы 223 жер асты сынағы жүргізілген.

Төртіншісі – «Балапан» зерттеу ала-ңы. Ол атқарылған жұмыстардың  көлемі мен аумағы жағынан ең елеулі обьек-тілердің бірі болып табылады. Бұл терең құдықтар қуаты 150 килотоннаға дейін жететін ядролық қару сынағын жүзеге асыруға арналған алаң. Алаңда негізгі міндеттермен қоса механика, жер сілкінісін модельдеу ғимараттар мен құрылыстар сейсмикалық төзімділігін анықтау, мұнай фонтандарын сөндіру тәсілдерін жетілдіру салаларындағы бірқатар әскери қолданбалы жұмыстар жүргізіліп отырылған. Сынақтар бұл алаңда 1968 жылдың 19 маусымынан 1989 жылдың 19 қазанына дейін жер астында жүргізілген.

Бесіншісі – «Байкал – 1» реакторы-ның кешені. Екі реакторлық қондырғы орнатылған, ірі технологиялық ғылыми-зерттеу базаларының бірі. Кешеннің негізгі міндеті қызуы жоғары отындық заттарға сынақ жүргізу, жылу фабрикасы және гидрогазодинамика саласындағы ірі зерттеулерді жүзеге асыру болады. «Байкал 1» реакторының кешені 1975 жылдан бастап қолданылған «ИГР» және «Байкал – 1» реакторының кешен-дерінің зерттеу лабораториялары ядро-лық реакцияларды үдететін ядролық физика мен процестерді модельдеу саласындағы зерттеулерге арналған.

Қазақстан жерінің ұзақ жылдар бойы ядролық қаруды сынайтын лабо-раторияға айналғаны ащы болса да, шындық. Қазір радиация салған дерттен айығу оңайға түсіп отырған жоқ.

 

сутегі  бомбасы  сынағының  куәгері

 

Сутегі бомбасы сынағының куәгері болған Болатбек Нәсенов: «Жарылыс-тың қалай әсер ететінін тексеру үшін 40 шақты адамды ауылға тастап кетті» дейді. «Өмір-ай» № 30 (143) 14-тамыз, 2013 жыл. Осыдан 72 жыл бұрын, 1953 жылы  жарылған РДС-бс сутегі бомба-сының қуаты 480 килотонна болды. Бұл полигонда 1949 жылдың 29 тамызында жарылған ең алғашқы атом бомбасынан 20 есе күшті еді.

Болатбек Нәсенов – 1953 жылы жер бетінде сыналған алғашқы сутегі бомбасы сынағын көрген адамдардың бірі. Ол – бұрынғы Семей облысы, Абы-ралы ауданындағы полигонға айналған жердің тұрғыны.

– Сол жылы 9-сынып бітірген едім. Аудан орталығы Қайнардың түбінде тұратынбыз. 28 шілде күні інім дүниеге келді де, атын Мейрамбек деп қойдық. Содан бес-алты күн өткеннен кейін әскерилер мен селсоветтің  (ауылдық кеңес) адамдары тізімге алып шықты. Жаңа туған інімді де есепке алып, бізге ақша үлестірді, – дейді Болатбек Нәсенов.

Ол әр адамға 500 сомнан бергенін, 9 адамы бар өз үйі 4 жарым мың сом алып, елдің бәрі ақшаға мәз болғанын айтады.

– Ал атомның не екенін ешкім де түсінген жоқ. Себебі «Сынақ жасаймыз, сондықтан сіздерді ауылдан уақытша көшіреміз», деп қана ескертті. «Қанша көлік, қанша солдат керек – бәрін бере-міз. Ең аяғы қиға дейін алып кетсеңіздер де қарсылық жоқ» деп үгіт жүргізді, – дейді ол.

Болатбек Нәсеновтың айтуынша, ауылды мал-жанымен бірге Арқалық тауына көшірген. Ол жерге сансыз ша-тыр тігіп тастаған. Жұртқа арақ пен спиртті тегін әкеп таратқан.

– Үш-төрт күннен кейін бір әскери адам келді. Есімде, машинаның үстінде тұрып: «Ура!  Ура! Ура!  Впервые в Советском союзе успешно осуществлено испытание водвородной бомбы!», яғни «Ура! Ура! Ура! Совет одағында тұңғыш рет сутегі бомбасы сынақтан сәтті өтті!» деді. Атомның не екенін, оның зияны қандай екенін біл-мейтін жұрт түгелімен уралап, шула-сып, тап бір әкелері соғыстан келген балалардай қуанып жатты, – дейді  ол.

Болатбек Нәсенов сынақтан кейін ауылына қайта көшіп келгенде, Қайнар-да ұшқан құс,жыбырлаған аң көрінбеге-нін, ит пен мысықтың өзі безіп кеткенін айтты.

– Қаңыраған ауылға тек 42 адамды тәжірибе ретінде алып қалыпты. Олар-дың бәрі түгел комсомол мүшелері. Ең үлкені сол кезде шамамен 30-дың маңайында, көбісі 20-ның ішіндегі жігіт-тер еді. Солардың ішінен пошташы болған Елеуғазы Нұрғалиевтың ғана көзі тірі. Денесінің барлық жері сол сынақтан кейін жараға айналып кетті. Ал қалғандары түгел түрлі ауруға шалдығып, рактан, жүрек ауруынан 40 жасқа жетпей өмірден кетті, – дейді ол.

   Айтуынша, 1953 жылғы тамыздағы жарылыстан кейін Дегелеңнің айнала-сындағы сынақ болған жерге жақын орналасқан қоныстан Ұзынбұлақ, Тайлан секілді ауылдардың халқын қоныстарына қайта апармай, Абай ауданының Абай ауылына, Жарма ауданының Белтерек, Михайловка ауылдарына бөліп-бөліп көшірген.

– Ел көшетін кезде Қайнардың басына тоқтап, бір-бірімен қоштасты. Сондағы адамдардың зарын, жылағанын көрсең, құдды бір қырғынның үстіне түскендей боласың!..Сондағы адамдардың бір-бірін қимай жылауы әлі көз алдымда, – дейді.

Кейбір деректерге сүйенсек, қазір Семей полигон аумағындағы «Найман-жал», «Балтемір», «Қосқұдық» барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғалымдар Семей полигоны аумағының кейбір бөлігі әлі де қауіпті екенін ескертті.

1949 жылдан бастап. Ядролық сынақ-тар жүргізген Семей ядролық полигоны 1991 жылы жабылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс жасалды. Полигон аймағындағы халықты басқа жаққа түгел көшірмегеннің кесірінен мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәбилер дүниеге мүгедек болып келді.

 

Полигонның 10 зардабы

 

Қазақстан аумағында 18 млн га жер бөлініп, 1949-1963 жылдар аралығында аса қуатты бомбалардың жарылғанынан 2 миллионнан аса жазықсыз халық 300-400 рентген мөлшерінде радиация қабылдады. Полигонда 498 ядролық сынақ өтіп. Одан 1,5 миллион адам зардап шеккен.  Бұл сынақтардың тұқым қуалайтыны ғылыми түрде дәлелденген.Оның қасіреті 300 жылға дейін созылуы мүмкін.  Полигонға шаруашылық жайы-лымдар мен егістік жерлер тартып алынып беріліп, соның салдарынан аймақ-экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа ұшырады.  Халық өте ауыр және созылмалы сәулелерге ұшырап, сынақ зардаптары Хиросима мен Нагасакидегі атомдық бомбылаудан 2,5 есе асып түсті. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Полигонға жақын аудандарда жетілуінде әртүрлі ауытқу, тәндік және естік кемшіліктер бар сәбилер дүниеге көп келді. Аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырын болды.

Сынақтан адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионук-лидтердің жинала беруі жердің құнар-лығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді-дақылдар адам организміне сіңеді. Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважи-налардың  түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабыл-маған. Соның салдарынан  улы интерті газдар, ауыр металдар, басқа да радиа-циялық заттар жер бетіне жиналады.

1989 жылы 26 ақпанда Невада-Семей ядролық жарылысқа қарсы халықаралық қозғалыс – қоғамдық ұйым құрылып, қазан айында ресми тіркелді.Бұл антиядролық қозғалыс Олжас Сүлейменовтың бастамасымен құрылды. Республика халқынан кеңінен қолдау тапқан қозғалыс ядролық жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті жоюды мақсат етті. Семей ядролық полиго-нында ядролық сынақтар тоқтады. Қазақстанның көптеген қалалары мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия сынды өзге де елдерде ұйымның бөлімшелері құрылды. Қозғалыстың белсенді қызметінің арқасында БҰҰ Ба-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы Семей өңірі адамдары денсаулығы мен эколо-гиясын сақтау және экономикасын дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлес-тіру» қарарын қабылдады. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы 1991 жылдың 28 тамызы күні жарлыққа қол қойды. Сөйтіп тиянақтылық пен қайсарлық көр-сеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті.  

 

Дайындаған:

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

 

Оқылды 54 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…
Там 20, 2025

Маймыл шешегі –сирек кездесетін…

Маймыл шешегі - адамға ауа тамшылы және қарым-қатынас арқылы берілетін зоонозды, вирусты…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет