Сәрсенбі, 19 Қараша 2025 16:49

Батыр атындағы саябақ ашылды

Жақында Малыбай ауылында Малыбай батыр ұрпақтарының демеушілігімен салынған жаңа саябақтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Бұл игі шараға арнайы қонақтар, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Батырдың ұрпақтары былтыр ауылға келіп, жергілікті әкімнің келсімімен батыр атындағы саябақты салуға кіріскен болатын. Міне, енді, бұл ігі іс те аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді.

Саябақ ауыл халқының бос уақытында демалатын және мәдени шараларды ұйымдастыруға, серуендеуге арналған маңызды орынға айналмақ. Бұл бастама – елін сүйген ерлердің ұрпақтарының туған жерге деген құрметінің, тарихи сана мен рухани жалғастықтың жарқын көрінісі.

Саябақты ашу салтанатында округ әкімі Мәди Бектасов және батырдың ұпақтары, ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, лентасын қиды. Саябақтың ашылу құрметіне жиналғандар аты ауылға берілген, жоңғар соғысында ерлік көрсеткен әрі осы маңда өмір сүріп, тірлік еткен Малыбай батырдың ерен ерлігі туралы сөз сөйлеушілер тереңнен толғады. Батырға арналған ескерткіш тақтада батырдың өмірінен қысқа мәлімет жазылған. Салтанатты жиынның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ұлттық қолөнер көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, өнерпаздар жиылған жұртшылыққа мерекелік көңіл күй сыйлады. Соңында батыр рухына арналған құдайы ас беріліп, ауыл ақсақалдары бата берді.

Белгілі журналист, жазушы, ақын, қоғам қайраткері, ұлтжанды азамат, Парламент Сенаты Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан  Журналистикасы академиясының академигі Әділбек Қабаның «Малыбай батыр» атты  мақаласын ұсынып отырмыз.

 

Өз тілшіміз.

Оқылды 232 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « «Оян, қазақ!» – ұлт рухының ұраны Малыбай батыр »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет