Жұма, 03 Шілде 2020 16:18

Жалған ақпаратқа алданбаңыз

Ақпараттық технологиялар жан-жақты дамыған қазіргі заманда есік алды емес, мұхиттың арғы жағындағы жаңалықты әп-сәтте естіп-көріп отырмыз. Ақпарат ағыны сәт сайын толасып, тереңіне батырып барады. Тіпті ненің шын, ал ненің жалған екенін бағамдау да оңай шаруа емес бүгінде.

Осы орайда американ жазушысы Джон Нейсбиттің: «Ақпарат ағынына ілесе алмай, білімнің жоқтығынан тереңге батып барамыз» деген сөзі еріксіз еске түседі. Өйткені бұл – бүгіннің шындығы. Әсіресе, бүкіл елдің үрейін қашырып, алаңдатып қойған коронавирус туралы таралып жатқан жаңалықтарда шек жоқ. Ал олардың бәрі бірдей шындыққа жанаспайтынын ойласаңыз, желдей ескен жалған ақпараттың зияны вирустан гөрі әлдеқайда көп екеніне көз жеткізесіз.

Әлеуметтік желілерде жарияланып, қолымыздағы телефонға келіп түсетін хабарламалар заман ақырды алдыңа алып келгендей күй кештіреді. «Өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» жеткізетін небір айтқыштар ақпараттың рас-өтірігін ажырата алмайтындай етіп таратуда. Ал қазіргі қысылтаяң жағдайда онсыз да басы қатқан халық тағы да ақпараттың көптігі мен білімнің жоқтығынан фейк пен хайптың «құрбаны» болуда. Дәрігердің нұсқауынсыз жаппай дәрі сатып алушылар – дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мен бағаның күрт көтерілуіне себепкер. Ал дәріханалар алдындағы ұзын-сонар кезек – вирустың тез таралуына таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ емханалардағы жағдай мен дәрігерлер туралы алыпқашпа әңгімелер халықтың ақ халаттылар мен емдеу орындарына деген бұрынғы көзқарасын жойып, оларды емдеуші емес, керісінше, жан алушы Әзірейлдей көрсетеді. Ыстығы түспей жатса да, дәрігер шақырудан қорқып, өздігімен емделетіндер санының артуы да осыдан.

Атақты Ибн Сина жасап көрген тәжірибе ретінде ел арасына таралған мына бір мысалға қараңыз. Салмағы да, жасы да бірдей екі тоқтыны екі бөлек қораға қамап, алдарына тең көлемде жем-шөбін уақытылы салып тұрады. Жалғыз айырмашылық – екінші тоқты тұрған қораның бір бұрышына қасқырды қоса қамайды. Ал бірінші тоқты кең қорада жалғыз жатады. Қасқыр туралы ол, әрине, білмейді. Бірнеше күннен кейін қасқырмен көршілес болған тоқты өліп қалады. Оның себебі – бойды билеген қорқыныш пен үрей. Жанында көкжалдың тұрғаны, кез келген сәтте босап кетсе, момақан тоқтыдан түк қалдырмайтынын ойлаудың өзі қорқынышты. Тәнге түскен жараға қарағанда, ой мен уайым осылай-ақ жанды жегідей жеп жібереді. Сондықтан жел сөзге еріп, өтірікке сеніп, өзіңіз бен айналаңызға кесіріңізді тигізбеуге тырысыңыз. Сіз таратқан жалған ақпараттың жаныңыздағыларға мысалдағы қасқырдай қорқыныш қамытын кигізіп қоймайтынына не кепіл?!

Жоғарыда айтқанымыз – қазіргі жағдайдың тек бір көрінісі. Ал жалған ақпараттың жетегінде жүрген халықтың келесі жартысы – вирустың жоқтығына иманындай иланғандар. Бүкіл әлем пандемия деп жариялаған аты жаман кеселді саясаттың ойыны көрген олар бейқам. Сақтық шаралары былай тұрсын, арқаны кеңге салып, тойын да тойлап, ойнын да ойнап жайбарақат жүр. Ал осы немқұрайлық пен жауапсыздық салдарынан өздерімен қоса өзгелердің де өміріне үлкен қауіп төндіріп тұрғанында ешкімнің шаруасы жоқ. Бұл да білімсіздіктің бір бұтағы дерсің. Кішігірім ауыл емес, бүкіл әлемде болып жатқан алапат апатты көрмеу, көрсе-дағы астарынан арам пиғыл мен саясат іздеу – көзіқарақты халықтың тірлігі болмас.

Таралып жатқан ақпараттың бәрін бірдей суға салған мақта сынды бойға сіңіре бермей, ақ-қарасын ажыратып, саралап-сараптап алғанымыз жөн.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

 

Оқылды 1734 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 24, 2026

Конституциялық реформа жөніндегі…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық Сот…
Қаң 24, 2026

Бүгін Конституциялық реформалар…

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда: ?consot_kz ?constcouncil.kz…
Қаң 24, 2026

Сегодня состоится первое заседание…

Мероприятие будет транслироваться в прямом эфире на официальных страницах в социальных…
Қаң 22, 2026

Отан жолында опат болған жеті…

Әлемде қиындық пен қасіретті, қорлық пен қиянатты көп көрген екі ұлт болса соның бірі –…
Қаң 22, 2026

Спортивные достижения юных …

Второй год работает в селе Байтерек детский футбольный клуб АL* stars. Занимаются в нём…
Қаң 22, 2026

Жас әртістер қойылымы

Ақбастау орта мектебінде «Бастауыш» әдістемелік бірлестігінің «Ертегілер елінде» оқу…
Қаң 22, 2026

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Балалық шақ… Бұл сөзді естігенде көз алдымызға күннің жұмсақ сәулесіне шағылысқан, асыр…
Қаң 22, 2026

Отбасы мен бала тәрбиесіне көңіл…

Отбасы – мейірім мен махаббат мекені әрі кішкентай періштелердің қауіпсіз, жылы орны.…
Қаң 22, 2026

Рух пен сөз күші

Алланың маған берген ерекше дарыны мені шығармашылыққа ерте жастан жетеледі. Бала…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет