Дүйсенбі, 26 Қазан 2020 09:48

Рәміздерге мониторинг жасалды

Жақында ҚР рәміздері бойынша аудан әкімі жанынан құрылған комиссия Есік қаласындағы мемлекеттік мекемелерді аралап, нышандардың ұлттық стандартқа сай орналасуы мен эстетикалық нормаларына мониторинг жасады.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Өркен Әбдібай бастаған топ білім беру ошақтары, Еңбекшіқазақ ауданаралық  көпсалалы аурухана, мемлекеттік кірістер басқармасы, қорғаныс бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимараттарындағы Ту мен Елтаңбаның орналасу тәртібін, рәміздер тақтасының талапқа сай екендігін қарады.

Аталған мекемелердің ешқайсысында өрескел қателіктер анықталған жоқ. Десек те, кейбір мекемелер мемлекеттік рәміздерге бей-жай қарайтын сыңайлы. Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимарат ішіндегі стендте қолданыстан алынып тасталған «Әнұран» (қазіргі уақытта Гимн сөзі қолданылады) сөзі әлі күнге жазылып тұр. Басқарма қызметкерлері жаңа стендке тапсырыс бергенін және жақын арада ауысты-ылатынын жеткізді. Орта мектептерге бірнеше ескертулер жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айталық, Р.Тоқатаев және В.Терешкова атындағы орта мектептерде мемлекеттік рәміздер тақтасында ҚР Президенті – Н.Назарбаев деп көрсетілген. Абылай хан атындағы орта мектептің мәжіліс залындағы, Райымбек атындағы орта мектептің ғимарат сыртындағы Ту эстетикалық талаптарға сай келмейді.

Сардарбек НҰРАДИН

Оқылды 1400 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет